Ұлы дала халқының дастарқан дәстүрі
Батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» деген кітабында қойдың басының тісін қағудың мәнісі туралы былай баяндайды.
«Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастархан басына отырдық. Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде:
– Дастарханың толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп, әсіп пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның бәрін сен жіберген төрт қателік жуып кетті. Қонақтар оны байқады-байқамады деп айта алмаймын. Ал мен анық көрдім, – дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып кетті. Бүріскенім соншалық: құрттай тесікке сыйып-ақ кетер едім.
– Ол не, папа? – деп Бәкең әкесіне қарады. Бірақ ата маған қарап, маған арнап сөйледі:
– Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын, басиең аман.
Екінші қателігің – басты шүйде жағымен әкелгенің. Қой шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді.
Үшінші қателігің – қойдың тісін қақпай әкелгенің. Бұл ең алдымен – тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын қайдан білесің? Шөп жейтін, жем жейтін мал ғой.
Содан кейін мұның екінші мағынасы бар. Қазір ұмытылған, көнекөздер болмаса, көпшілік біле бермейтін жағын да айтайын.
Қазақтар – талай нәрсені ым, тұспал, ишара арқылы білдірген текті халық. Соның бірі осы қағылмаған тіске байланысты.
Сыйласып жүрген екі адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны «сөз көбейер» деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған басты қояды. Сонда бас ұстаған адам «ә-ә, мынаның ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып жүріпті-ау» деп ұға қояды. Ары қарай реніштің түйінін шешіп, түсінісуге бет түзейді.
Ал төртінші қателігің – басты қасқаламай әкелгенің. Талайлар мұның мәнін ұқпайды. Ол – «төрт құбылаң тең болсын, маңдайың ашық болсын» деген ізгі тілек».
Баукеңнің бұл сөзі тек келініне ғана емес, күллі қазаққа айтқаны, шын мәнінде баба аманаты.
Енді осы әңгімені оқыған кезде есіме түскен оқиғаны баяндайын. Бұл жағдайды және оның елге сіңіп кеткен салдарын маған жезде ағайым Амангелді Нұрбеков осыдан отыз бес жылдай бұрын айтып беріп еді.
Менің туып-өскен жерім Оңтүстік – Қызылорда облысының Шиелі ауданы. Сыр елі – қазақтың Батысы мен Оңтүстігінің шекарасы, Сарыарқамен арқасы түйіскен өңір. «Сыр – Алаштың анасы» деген де сөз бар. «Қалқаман-Мамыр» дастанында Шәкәрім Құдайбердіұлы осылай атаған. Мұнда қай заманда да қаймағы, салт-дәстүрі бұзылмаған қалың қазақ тұрып келеді.
Әңгіме салт-дәстүр туралы болғандықтан, Оңтүстікте жездені оның қайын жұртындағы тікелей туыс қайнылары мен балдыздары тек әлдекімге таныстыру кезінде «жездеміз» деп айтатыны болмаса, басқа кезде үнемі «аға» деп атайды. Жезде адам әйелінің жасы кіші інілерін қайны, сіңлілерін балдыз дейді. Мұны тәптіштеп айтып отырғаным, қазақтың біраз жерінде күйеу азаматты «жезде», оның қайнылары мен балдыздарын жынысына қарай бөліп жатпай, бәрін де «балдыз» дей береді.
Иә, енді Амангелді ағайым айтқан оқиғаға келейік.
Кеңес заманында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Парламенті – Жоғарғы Кеңеске 510 депутат сайланатын. Солардың екеуі Шиелі ауданынан еді. Шиелі ауданы екі сайлау округіне бөлінетін. Сол екі округтің біреуінен дауысқа түсуге кей кезде жоғарғы жақтың ұйғаруымен республикалық басқару органының өкілі үміткер болып келетін. Үміткер деген аты ғана. Баламасыз сайлау, жоғарғы жақ – дара билеуші Коммунистік партия болашақ депутаттар құрамын кәсібіне, ұлтына, жасына, жынысына, партиялылығына қарай жіктеп, әр округке бөліп беретін, солар жаппай 99,99 пайыз дауыспен ың-шыңсыз сайланатын. Кеңестік сайлау жүйесі, демократия үрдісі осылай еді.
Сондай Жоғарғы Кеңеске депутат сайлауы жарияланған 1980 жылдардың басында Шиелі ауданындағы бір округтен дауысқа түсуге Қазақстан Үкіметі Төрағасының орынбасары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының мәдениет, әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Шәңгерей Жәнібеков келеді. Мұндай жоғары лауазымды адамның ауданнан депутат болуы әрі құрмет, әрі пайдалы. Бұған жергілікті басшылар қуанбаса қынжылмайды. Ол кезде сайлаушылар депутатқа аманат жүктейтін. Шешілмей жүрген, жоғарғы жақтың араласуы, қаражат бөлуі қажет өзекті мәселелерді депутаттың алдына міндет етіп қоятын. Жоғарғы жақтан келетін депутаттың пайдасы осындайда зор, пайдалы болатыны содан. Қазір депутаттарға амант жүктеу жоқ.
Шәңгерей Жәнібеков іздегенге табылған нақ осындай жоғары лауазымды тұлға еді. Алматыдан сәті түсіп келіп тұрған жоғары мәртебелі құрметті қонақты, қонақ емес-ау депутаттыққа үміткерді еңбекшілер депутаттары Қызылорда облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Сағидолла Құбашевтің өзі бастап ертіп жүреді. Ол кезде жергілікті атқарушы орган және оның лауазымы осылай аталатын.
Депутаттыққа үміткермен бір кездесу Шиелі ауданының әйгілі «Қызылту» колхозында өтеді. Колхоз – кеңес заманында ауыл шаруашылығын ұйымдастыру үшін шаруалардың басын күштеп біріктірумен құрылған бірлестік, орысша «коллективное хозяйство» деген сөздің қысқаша алынған түрі, яғни қазақша айтқанда ұжымдық шаруашылық – ұжымшар.
«Қызылту» ұжымшарының әйгілі болатыны – бұл күріштен дүниежүзілік рекорд өнім алған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың ауылы. Сондықтан, ауданға келген мәртебелі кісілердің Ыбекеңе сәлем беруге бұл ауылға соқпайтыны кемде кем, ауыл әрі аудан орталығының іргесінде, арасы үш-ақ шақырым.
Депутаттыққа үміткердің мінбеден мәнді сөз сөйлеп, сүйікті Коммунистік партия мен халықтың сенімін ақтауға, партия шешімдерін, сайлаушылар аманатын орындауға бар қайратын салуға уәде беруімен, жиналғандардың ризашылықпен үсті-үстіне ду-ду қол шапалақтауымен қалыптасқан дәстүрлі түрде дуылдап өткен жиналыстан соң Алматыдан келген қонақ арнайы жайылған дәмге шақырылады.
Дастархан жайылған жер ұжымшар басқармасының төрағасы Қазыбек Оспановтың үйі. Ол кезде келген қонақты мейрамханада не асханада сыйлап шығарып салу деген жоқ. Оның үстіне мейрамхана, дәмхана, асхана ауылда болмайды. Ал аудан орталығындағы мейрамхана мәртебелі қонақты күтуге қолайлы емес, жұрттың көз алды. Елдің дәстүрінде қонақты үйге шақыру – шынайы қошеметтің белгісі, ал шақырған мейманның, оның үстіне мәртебелі де атақты мейманның үйге келуі шаңырақ үшін де мерей.
Амангелді Нұрбеков ұжымшардың талай жылдан бас бухгалтері. Ыбекеңе сәлем беруге ауылға келген талай қонақты күтуге шаруашылықтың жөн білетін белді де беделді бас маманы болған соң қатысып жүрген кәнігі азамат. Дастархан мол жайылған. Ішіп-жемей-ақ көз тояды.
Алдымен шай ішілді. Бір сәтте ет те тартылатын болды. Әрі үй иесі, әрі ауыл ағасы Қазыбек Оспанов қойдың басын сән-салтанатпен қадірлі қонақ Шәкеңнің – Шәңгерей Жәнібековтің алдына тартты. Бас тап-таза, жақсы жуылған, қылау қылтық көрінбейді, көзі ағызылған, мұрны шайылған, тісі қағылған, маңдайы қасқаланған. Бір мін жоқ.
Бас Шәкеңнің алдына қойылғаны сол-ақ екен, облыстық басшы Сағидолла Құбашевтің зірк еткен оқыс дауысы шаңқ ете қалды.
– Бастың бір құлағы қайда? Бала ұстап кеткен бе?!!
Дастархан басындағы санаулы ғана ығай-сығай үнсіз тына қалды. Қазыбек сасқанда маңдайдан тер бұрқ етті. Еттің қадірлі мүшелерін отырғандарға ретімен үлестірмекке ыңғайлана берген жігіттер қалшиды да қалды.
– Елдің дәстүрі ғой. – Ақырын сабырлы үнмен Ыбекең – Ыбырай Жақаев осылай тіл қатты. Сол кезде барып ауданның басшысы – аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Социалистік Еңбек Ері, Сыр елінің тумасы Орынбасар Бәйімбетов есін жинап, сөзді іліп әкетті. Ол да талай үлкен дастарханда үлкен адамдарды күтіп қалыптасқан сұңғыла.
– Шәке, Сәке, Сыр елінің дәстүрінде қойдың басының оң жақ құлағын үйдің ырысы деп балаға беретін еді, – деп түсіндіре бастады. Тағы бір қой сойылып жатыр дегенді де қосып жіберді. Онысы тағы бір бас дайындаңдар дегенді ауыл басшысына астарлап аңғартқаны. Сойылып жатқан тағы бір қой болмаса да колхоз бастығы аудан басшысын құптап басын изей берді. Тыңдап тұрған Амангелді сияқты күтуші жігіттерге ымдап тапсырма беріп те үлгерді.
Дастархан басындағы абыржушылықты жасы елудің ішінде Шәкең басты. Шәңгерей Жәнібеков Қостанай өңірінің тумасы, мамандығы медицина саласынан. Сол жақта түрлі деңгейдегі басшы қызметтен 1976 жылы Республика Үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне көтерілген. Осы қызметте 1985 жылға дейін тоғыз жыл абыройлы еңбек етті. 1990 жылға дейін Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Болмысында сабырлы, мінезі жайлы, артынан бір қауесет сөз ермеген көрнекті қайраткер. 1924 жылы дүниеге келген, тоқсанды алқымдаған қадірлі қария, қазір Алматы қаласында тұрады.
Сағидолла Құбашев Атырау өңірінің тумасы. Шәкеңнен үш жас кіші, 1927 жылы туған, мамандығы мал дәрігері. Гурьев (Атырау), Ақтөбе облыстарын басқарған, Шәкең сияқты ол да Қазақстан Үкіметі төрағасының орынбасары болған. Сол лауазымнан 1979 жылы Қызылорда облысына басшы қызметке келген. Одан кейін Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Сағидолла Құбашев 2016 жылы Алматыда қайтыс болды.
Әркім өз елінде көргенін құп көреді емес пе. Талай басшы қызметте болып келген Сәкеңнің қойдың басының бір құлағымен тартылуын бірінші көруі ме, әлде үлкен лауазымды адамдарға қойдың басы ешкімнің қолы тимей бүтін тартылуы тиіс деп пайымдай ма екен, әйтеуір сол жолы сондай оқыс мінез көрсетіп, ел жапырылып қалған. Бірақ Сәкең Сыр елінде мұнысымен ғана емес, әділ басшы ретінде де танылып, елдің есінде қалды.
– Ел біледі ғой, Ыбеке. Әр жерде дәстүрде ептеп айырмашылық бола береді. Қошеметтеріңізге рахмет, ас алып отырайық, – деп Шәңгерей басты қолға алған кезде барып абыржулы дастархан басының ажары кіріп сала берді-ау...
Қонақтар аттанып кетті. Бұл оқиға Шәкеңнің есінде қалды ма, жоқ па, бірақ Шәкеңді күткен сол дастархан елдің қонақ күту қалыптасқан дәстүріне өзгешелік енгізіп жіберді. Содан кейін аудан басшысынан тапсырма болды ма, әлде ел ішіндегі басшылар өздері пысықтықпен «бастан құлақ садаға», «аш құлақтан тиыш құлақ» деп қорытынды шығарды ма, әйтеуір содан былай Сыр елінде – Шиелі жерінде бас қос құлағымен тартылатын болған...
Заман өзгерді, дәстүріміз жаңғыруда, мүмкін құт қойдың құлағында деген ата-баба үрдісіне қайта оралармыз.
Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,
журналист-заңгер,
Қазақстанның мәдениет қайраткері,
Шиелі ауданының Құрметті азаматы.