Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МҚІСЖҚА және Денсаулық сақтау министрлігі арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды

МҚІСЖҚА және Денсаулық сақтау министрлігі арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды


Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың кездесуі өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.
Алик Шпекбаев атап өткендей, бүгінде адами капиталдың маңызды факторы - бірінші дәрежелі денсаулық сақтау және дені сау ұлт болып табылады. Осыған орай, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру - еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі болып табылады.
«2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жағымсыз фактілерінің төмендеу тенденциясы бар. Мәселен, 2017 жылы  Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттерінің мемлекеттік қызметшілеріне әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 18 және мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені үшін 21 тәртіптік жаза қолданылды, ағымдағы жылдың 7 айында әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 4 және тәртіптік жаза  мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені үшін 1 тәртіптік жаза бар»,- деп атап көрсетті өзінің баяндамасында Елжан Біртанов.
Бірлесіп жүргізілген алдын алу шараларының нысаналы кешенінің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жазалар динамикасында оң тенденция байқалатынын атап кету қажет.
Меморандумға қол қоюдың ерекше өзектілігі мен қажеттілігі жүргізіліп жатқан әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі реформаға, дәрілік заттарды сату кезінде бөлу және бағалық реттеу саласындағы реформаға да байланысты. Меморандумға сәйкес  денсаулық сақтау ұйымдарындағы «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» төмендетуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою – қатардағы медицина қызметкерлерінің көрсеткен медициналық  қызметтері үшін материалдық және материалдық емес алғыстар алу практикасын жою  бойынша шаралар қабылданатын болады.
Мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы ақпаратпен алмасу, денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы және ішкі талдауы жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобалар, іс-шаралар, семинарлар мен кездесулерді іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Меморандумға қол қою екі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына күшті серпін беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

***
Меморандум по вопросам противодействия коррупции подписан между АДГСПК и Минздравом

Сегодня состоялась встреча Председателя Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции Алика Шпекбаева с Министром здравоохранения ЕлжаномБиртановым, в ходе которой подписан Меморандум о сотрудничестве по вопросам профилактики коррупции.
Меморандум направлен на выработку и реализацию совместных и согласованных действий по реализации антикоррупционной стратегии, в том числе повышение эффективности принимаемых мер в сфере противодействия коррупции, устранение причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений.
Как отметил Алик Шпекбаев, сегодня важным фактором человеческого капитала является первоклассное здравоохранение и здоровая нация. В этой связи, повышение качества оказания медицинских услуг, недопущение коррупционных проявлений в системе здравоохранения является одним из ключевых факторов конкурентоспособности страны.
«Негативные факты в сравнении с 2017 годом за истекший период 2018 года имеют тенденцию к снижению. Так, если в 2017 году на госслужащих комитетов охраны общественного здоровья и фармации Министерства было наложено 18 дисциплинарных взысканий за нарушения этических правил и 21 за дискредитацию государственной службы, то за 7 месяцев т.г. имеются 4 дисциплинарных взысканий за нарушения этических правил и 1 за дискредитацию государственной службы», - отметил в своем докладе Елжан Биртанов.
Необходимо отметить, что в результате совместного проведенного целого комплекса превентивных мер наметилась положительная тенденция  в динамике дисциплинарных взысканий за нарушения требований Этического кодекса государственных служащих, дискредитации государственной службы и коррупционных правонарушений.
Особую актуальность и необходимость подписания Меморандума также связана с проводимой реформой по внедрению социального медицинского страхования, реформой в сфере распределения и ценового регулирования при реализации лекарственных средств. В соответствии с Меморандумом будут приняты меры по устранению  причин и условий, способствующих снижению «бытовой коррупции» в организациях здравоохранения – изжить практику материальных и не материальных благодарностей за оказанные медицинские услуги рядовыми медицинскими работниками.
Взаимодействие между ведомствами будет осуществляться посредством обмена информацией о состоянии коррупции в стране и мире, проведения внешнего и внутреннего анализов коррупционных рисков в организациях здравоохранения, а также реализации совместных проектов, акций, семинаров и совещаний.
По итогам встречи стороны выразили уверенность, что подписание Меморандума придаст мощный импульс взаимодействию двух госорганов, позволив принять своевременные меры, направленные на эффективную реализацию антикоррупционной политики.
23 тамыз 2018 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930