Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы екенін білесіз бе?

Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдердің өлімі қозғалысы аз әйелдерге қарағанда 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық жүктеме өлім ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен.
Ғалымдардың айтуынша, физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде үй жинау, ыдыс-жуу, сондай-ақ таза ауада серуендеу жатады.
«Ұзақ уақыт бойы мұндай әрекет салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді», — деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.
baribar.kz