Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы екенін білесіз бе?

Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы екенін білесіз бе?


Күнделікті жеңіл физикалық жаттығулар адамның өмірін ұзартуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жүгіру мен ыдыс-аяқ жуу, тағы басқа үй шаруасындағы міндеттер пайдалы екені анықталды. Дереккөз: baq.kz

Зерттеуге 65 пен 99 жас шамасындағы 6 мың әйел қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың физикалық белсенділіктерін бір апта бойы фитнес-трекерлер арқылы бақылап отырды. Кейін дәрігерлер әйелдердің денсаулығын 3 жыл бойы да бақылауда ұстады.
Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдердің өлімі қозғалысы аз әйелдерге қарағанда 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық жүктеме өлім ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен.
Ғалымдардың айтуынша, физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде үй жинау, ыдыс-жуу, сондай-ақ таза ауада серуендеу жатады.
«Ұзақ уақыт бойы мұндай әрекет салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді», — деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.
11 желтоқсан 2017 ж. 2 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9105)

03 маусым 2023 ж.

№43 (9104)

30 мамыр 2023 ж.

№42 (9103)

26 мамыр 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам