Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы

Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы




Күнделікті жеңіл физикалық жаттығулар адамның өмірін ұзартуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жүгіру мен ыдыс-аяқ жуу, тағы басқа үй шаруасындағы міндеттер пайдалы екені анықталды. Бұл туралы Journal of the American Geriatrics Society журналында жарияланған. Зерттеуге 65-99 жас шамасындағы 6000 әйел қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың физикалық белсенділіктерін 1 апта бойы фитнес-трекерлер арқылы бақылап отырды. Кейін дәрігерлер әйелдердің денсаулығын 3 жыл бойы да бақылауда ұстады. Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдер қозғалысы аз әйелдерге қарағанда өмірден өту қаупі 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық қозғалыс аз өмір сүру ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен. Физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде: үй жинау, ыдыс жуу, таза ауада серуендеу жатады. «Ұзақ уақыт бойы осындай әрекетте болу салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді»,– деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.
Massaget.kz сайтынан
04 наурыз 2018 ж. 3 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31