Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал қазақстандық тележүргізуші шаңырақ көтерді

Танымал қазақстандық тележүргізуші шаңырақ көтерді

Елімізге танымал жаңалықтар жүргізушісі Арман Балтабайұлы шаңырақ көтерді. 15 жыл бойы бойдақ болып жүрген әріптесінің қуанышын халыққа Бейсен Құранбек жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Он бес жылдай үйлендіре алмай жүрген жолдасымыздың аяғы бүгін тұсалды. Бақыттан басы айналып жүрген бауырымның жүзіне қарап тұрып, осыған дейін оның неге асықпай жүргенін түсінгендеймін. Өзінің аққуын іздеп жүр екен ғой. Ал бауырым, қуанышың құтты болсын! Балтабай әкеміздің арманы орындалып, Әйгерім жыл аралатып жүкті болсын!” – деп ақ тілегін білдірді Бейсен Құранбек.
Айта кетейік, Арман Балтабайұлы “Хабар” арнасында жаңалықтар қызметін жүргізіп танылған. Ол кейіннен “24-Хабар” арнасында басшылық қызмет те атқарған.
Stan.kz
16 шілде 2018 ж. 2 732 0