Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысының әкімі баласымен саябақта түнеген 23 жастағы қызға пәтер кілтін табыстады

Алматы облысының әкімі баласымен саябақта түнеген 23 жастағы қызға пәтер кілтін табыстады



Алматы облысы әкімі 10 жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген 23 жастағы Гүлім есімді жалғызбасты анаға берген уәдесін орындап, үй сыйлады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 10 жасында жетім қалған әпкелі-сіңлілі қыздарды, көршілері балалар үйіне өткізуге мәжбүр болған.Гүлім кәмелеттік жасқа дейін «Айналайын» балалар үйінде өсіп-жетті. Тағдыр тауқыметін ерте тартқан жетім қыз ерте есейіп, балалар үйін бітірісімен Талдықорған қаласындағы Агротехникалық колледжге оқуға түсіп, 4 жыл жатақхана тұрды. Алайда, қолына диплом алысымен, мәселенің бәрі шешіліп кете қоймады.
Тіпті, алты жыл кездескен жігіті жетім екенін білгеннен кейін аяғы ауыр Гүлімді тастап кеткен. Ол баратын жері қалмаған соң, екі жасар қызын құшақтап аналар үйін паналаған. Жалғызбасты ана осы уақытқа дейін баласына құжатта жасата алмаған екен.
“Жылын жазып тұрып, ай-күнін жазбаған. Соның салдарынан әлі күнге дейін туу туралы куәлік ала алмаған. Ал бұл құжаты болмағандықтан жәрдемақы ала алмай, екі ай бойы көшеде сандалып жүрген. Осының бәрі әрбір қызметкердің қателігі, салғырттығы”, – дейді заңгер Қожаберген Дәуренбекав.
  Осылайша, барар жер, басар тауы қалмаған аяғы ауыр Гүлім бірнеше күн далада түнеген. Төрт күн бойы жас қыздың саябақтағы орындықта ұйыпта жүргенін көрген бейтаныс әйел оны үйіне апарып, тамақ берген. Сол әйел пәтер жалдап, азық-түлік алып беріп, көмектескен. Осылайша, Гүлім жұмысқа орналасып, ай күні жақындағанша қызмет етемін деп, қызын шала босанған.
Кейін «Жетісу» телеарнасындағы «Болмыс» бағдарламасының қыстағы бір көрсетілімінде «Айналайын» балалар үйінің түлегі, жалғызбасты ана санатындағы талдықорғандық Гүлім Нұркебайдың қиын жағдайы мен басына түскен ауыртпалықтар жайындағы хабарды көрген өңір басшысы Амандық Баталов оны өзіне шақырып, қолдау көрсететіндігін жеткізген болатын. Бүгін сол уәде орындалды!
Енді Гүлім өз бөбегімен жеке баспанасында бақытты ғұмыр кешпек.
Қоныс иесіне бір бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан әкім орынбасары Жақсылық Омар табыстады.
Stan.kz
10 маусым 2018 ж. 1 067 0