Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық 10 жасар қыз Максим Галкиннің бағдарламасына қатысты

Алматылық 10 жасар қыз Максим Галкиннің бағдарламасына қатысты

Алматылық цирк әртісі Карина Махпирова “Бірінші канал” арнасында Максим Галкин жүргізетін “Лучше всех” бағдарламасының көрермендерін өнерімен таңғалдырды. Бұл туралы “Бірінші канал” арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Карина моноциклмен жүреді, шығыршықтарды айналдырады, жонглер жасайды – осының бәрін бір дегенде істей алады! Ол бұл өмірде ең бастысы – тепе-теңдік деп біледі”, — деді жүргізуші Қазақстаннан келген жас әртісті таныстырып. Бағдарлама барысында белгілі болғандай, Каринаның отбасында цирк әртістері жоқ. Қазақстандық қыз бұл шешімді өзі қабылдап, алға қойған мақсаттарына жетіп келеді.
Карина айтқандай, арманы жаңа моноцикл екен, бағдарлама соңында кішкентай қызға аңсаған сыйлығын Максим Галкиннің өзі табыстады.
19 наурыз 2018 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930