Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Арғын» ата мешітіндегі қадірлі түн

«Арғын» ата мешітіндегі қадірлі түн


Қадыр түні – бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Бар мұсылман қауым қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.
Осы қасиетті қадір түнін Нартай ауылының «Арғын» ата мешіті де өз дәрежесінде атап өтті. Мешітке жиналған жамағатқа ауыл имамы Құрбан ақсақал мағыналы да тәрбиелік мәні бар уағыздар айтты. Іс-шараның басында ауыл ақсақалдары ардақталып, сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар, «Дінді түсінсең – қасиетің, дінді білмесең – қасіретің» тақырыбында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – адамдарды дұрыс жолға сала отырып, дін туралы мағлұмат беру болды. Сұраққа дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Ал, ауыл тұрғыны Бақытжан Әріпжанұлы осы мешітті салып, халықтың имандылыққа бет бұруына ықпал жасаған Болат Молданазарұлына жамағаттың атынан рақметін айтып, шапан жапты. Мешіт имамы Құрбан қария да өз кезегінде жолынан жығылмай, алғаусыз алғысын жеткізіп, құрмет көрсетті. Мешітке жиналған ауыл тұрғындары таңға дейін құлшылық жасап тілек тілеп, ұйымдастырушы жамағатқа рақметін айтып ризашылықпен тарқасты.

Әбіл АСАН.
23 маусым 2018 ж. 2 266 0