Қадір түнінің қадірі
Рамазан айы аяқталуға жақын. Қасиетті айдың соңғы он күнінің бір түні мұсылмандар үшін қасиетті Қадір түні. Айлардың сұлтаны – Рамазан айы болса, сол Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні – Қадір түні. Өйткені, бұл түн бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған түн. Ләйләт-ул-Қадыр оразаның соңғы он күнінің бірінде болады. Биылғы Рамазанда маусымның 11-нен 12-не қараған түн – Қадір түні. Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені араб тілінен аударғанда «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан, атына сай «Қадір түні» деп аталған.
Мұсылман үмбетіне түсірілген қасиетті осы түн туралы Құран Кәрімнің Қадір сүресінде айтылады. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алланың әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады.
Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Бұл кеште жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең сауабы болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні Рамазан айының 27-ші түні дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені нақты белгісіз. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің біріне және тақ түндеріне сәйкес келетіндігін нұсқаған. Ислам ғалымдарының көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндеріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді. Олардың айтуынша, Қадір түнінің нақты датасының белгісіз болуының даналығы, мұсылмандар Рамазан айының тек сол түнімен ғана шектелмей, соңғы он күнді түгелдей құлшылықпен өткізсін дегенінде де болуы мүмкін. Себебі, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өзі соңғы он түннің бәрінде де құлшылықпен өткерген екен. Бұл туралы Айша анамыз: Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алла елшісі (с.ғ.с) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», - деген (әл-Бухари 2024, Муслим 1174). Сондықтан, тақуалар ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізетін болған. Ал, жалпы Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Ал саған Қадір түнінің не екенін не білдіреді? Қадір түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбірейіл) түседі. Ол (түн) - таң атқанша сәлем!» (Қадір сүресі 1-5 аяттар).
Қадір түнінде де Аллаһ Тағаланың құдіреті үстем болады. Ол түннің қадірін білгендерге Аллаһтың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты. Пайғамбарымыз үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн. Осы тұста айта кетерлік тағы бір мәселе, кейбір мұсылмандардың Қадір түнiнде Қыдыр атаны күтемiз деудiң ешқандай дiни негiзi жоқ. Бұл аңыз. Сондықтан да, бұл түнді шынымен бiреудi күтiп емес, аятта бұйырылған ғибадаттарды, құлшылықтарды жасап, игі тілек тілеп, сауап үмiтiмен өткiзген дұрыс. Ал түннің барлық уақытын құлшылықпен өткізе алмайтын кісілер, түннің бір бөлігін болса да ізгі амалдармен өткізсе болады. Соның ішінде қасиетті түнді Алла Таһалаға құлшылық жасау, намаз оқу, Құран оқу, үйрену, үйрету, уағыз айту және тыңдау, шариғат үйрену, тәсбіх тарту, діни кітаптар оқу, діни фильмдер көру, мешітке келгенде дүние сөзін сөйлемеу амалдарын орындау арқылы зиярат етіп өткізу керек. Қадір кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады. Кейбір мұсылмандар Қадір түнінде түні бойы дастархан жайып қойып, қолдарын қусырып отырумен шектеледі. Не болмаса, теледидар қарап, әңгіме айтумен өткізеді. Түні бойы көз ілмей шықсақ жеткілікті деп есептейді. Бұл да қате. Имамдардың айтуынша, Қадір түнін өткізуде түні бойы дастарқан жайып қою шарт емес. Ең бастысы мүминдер бұл түнді дайындықсыз өткізбеуі тиіс. Өйткені, Әбу Хұрайра (р.а.) сахабамыз жеткізген хадисте «Кімде кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» делінген (Бұхари, Қадір, 1) Берекесі мен қайыры мол түн – маусымның 11-нен 12-не қараған Қадір түнін игілікпен өткізуге нәсіп етсін!
Әзірлеген
Дина ЖҮСІПОВА.