Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.
Әлеуметтік аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар әлеуметтік қатер жағдайы басталған кезде әлеуметтік төлем алуға құқығы бар. Соның бірі – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi тұрғылықты тұратын жеріндегі Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелуге өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады.
Азамат – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы, жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз адам ретінде тіркелген кезде жұмысынан айырылуына байланыс­ты әлеуметтік төлем алу үшін өтініш білдіре алады.
Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы көрсетілген әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тұрғылықты жеріндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөліміне немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінуіне болады.
Өтінішке төмендегі мәліметтер қоса беріледі:
1) өтініш берушінің жеке куәлігі;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйесінен);
3) жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы;
4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсті табыс­ты ауыстыру коэффициенттерi мен міндетті әлеуметтік с­ақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы анықталады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына келесідей мерзімдерге тағайындалады:
ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға;
ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға;
ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға;
ол үшін отыз алты айдан бастап және одан көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адам үшін отыз алты айдан бастап және одан да көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға.
Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем кейіннен өтініш жасалған кезде, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып, тағайындалады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер халықты жұмыспен қамту орталығынан алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарғаны туралы ақпарат алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен тоқтатылады.
Әрбір азамат өзі үшін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін түрде алуына болады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚwww.gfss.kz сайтынан электронды қызмет бойынша жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы жұмысынан айырылғанда әлеуметтік төлем алады ма, неше айға әлеуметтік төлем алады, қайда өтініш беруге болатыны, қандай құжаттар ұсыну қажет екендігі туралы ақпарат алуға және де әлеуметтік төлемді тағайындауға тапсырылған құжаттарды қарастыру барысын білуге болады.

Гулсим Денеева,
Қызылорда облысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры» АҚ
филиалының директоры.
20 маусым 2018 ж. 6 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930