Түркістан – тарих пен бүгінді тоғыстырған рухани мекен
«…Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп Мағжан ақын айтқандай, Түркістан туралы сөз қозғалғанда көңілде ерекше бір сезім оянады. Бұл – жай ғана қала емес, сан ғасырдың сырын қойнына бүккен, талай дәуірдің куәсі болған қасиетті мекен. Есейе келе осы киелі өлке жайлы үлкендерден естіген әңгімелерді құлағымызға құйып, тарихи деректерді санамызға түйіп өстік.Еліміз тәуелсіздік алып, өз қолымыз өзімізге жеткен тұста Түркістанның да бағы жанды. Ұлттың тарихи-этномәдени мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасып, ғасырлар қойнауында қалған құндылықтарды қайта жаңғырту, көне шаһардың бастапқы келбетін қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды. Ресейден қасиетті Тайқазанның туған жеріне қайтарылуы – ел есінде қалған елеулі оқиғалардың бірі. Сол кезде бөркімізді аспанға лақтырып қуанғанымыз да бекер емес еді. Өйткені бұл – бір жәдігердің ғана емес, баба мұрасының, ұлттық рухтың елге қайта оралуы болатын.
Адам баласы бәрібір бабалар тарихын аңсайды. Өткен дәуірлерге, тым құрыса, бірер сәтке болса да оралғысы келеді. Ежелгі баһадүрлермен қауышып, олардың жүріп өткен жолын көзбен көру, артында қалдырған мұрасын сезіну, рухына тағзым ету – адамға айрықша күш береді. Мұндай сезімді Түркістаннан сезінбеу мүмкін емес.
Тарих тынысын сезінген сәт
Жуырда Шиелі өңірінің журналистері үшін Түркістанға жасаған сапарымыз да осындай ерекше әсерге толы болды. Күнделікті қарбалас тіршіліктен бір сәт алыстап, қалам мен камераны тарихи шаһардың тынысына бұрдық. Бұл сапар біз үшін жай ғана кәсіби іссапар емес, рухани демалысқа айналды.

Түркістанның жаңа келбеті бірден көзге түседі. Бір жағында – ғасырлардан жеткен көне тарих, екінші жағында – заманауи сәулет пен жаңа технология. Осы екі ұғымның жарасымды үндестігі қаланың өзіндік ерекшелігін айқындап тұр. Соның бір айғағы – Орталық Азиядағы ірі туристік кешендердің бірі саналатын «Керуен сарай». Жалпы аумағы 20,5 гектарды алып жатқан кешенде демалыс пен ойын-сауықтың, сауда мен мәдениеттің сан түрі тоғысқан. Мұнда ортағасырлық үлгіде салынған сарайлар, заманауи дүкендер мен ойын-сауық орындары, мейрамханалар, амфитеатр, су үстіндегі шоу және «ұшатын театр» секілді ерекше нысандар бар.
Кешен маркетологы Беласар Есенбектің айтуынша, «Керуен сарай» жоғарыдан қарағанда кілттің пішініне ұқсайды. Ал оның ұшы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қарай бағытталған. Мұның өзі кездейсоқ таңдалған шешім емес. Кешеннің идеялық тұжырымдамасында туристің ойын-сауықтан бастап рухани танымға қарай бет алуы көзделгендей. Яғни саяхатшы әуелі заманауи Түркістанды таныса, одан әрі оның тарихи тамырына бойлайды. Сөйтіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барғанда рухани тұрғыдан дайын күйде жетеді.
«Керуен сарайдағы» ең әсерлі нысандардың бірі – Altyn Samuryk «ұшатын театры». Оны сөзбен сипаттау оңай емес. Арнайы креслоға жайғасып, айналадағы көрініс қозғала бастаған сәттен-ақ өзіңді басқа әлемге түскендей сезінесің. Алтын самұрықтың қанатына ілесіп, көне шаһарларды аралайсың. Тарихтың тереңіне сүңгіп, түркі дүниесінің өткені мен бүгінін көз алдыңнан өткізесің. Бір мезетте байырғы қалалардың үстінен ұшып өтсең, келесі сәтте заманауи мегаполистердің көрінісіне куә боласың. Сапардың соңында қайтадан Түркістанға ораласың. Бұл – тарихты кітаптан оқып қана қоймай, оны сезінудің жаңа формасы.
Біз, журналистер қауымы, ақпаратты көзбен көріп, жүрекпен сезінуге бейімбіз. Сондықтан «ұшатын театрдағы» бірнеше минуттың өзі біз үшін ерекше әсер қалдырды. Кәсіби тұрғыдан қарасақ – тамаша туристік жоба. Ал адамдық тұрғыдан бағаласақ – өткенге тағзым жасап, бүгінге ой жүгіртетін рухани саяхат.
Әзірет Сұлтан – көне мекеннің жүрегі
Түркістанға келген адамның тарихи сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне соқпай аяқталмайды. Қала келбетінде заманауи ғимараттар көбейіп келе жатқанымен, көкжиектен мұнартып көрінетін Әзірет Сұлтан кесенесі бәрібір өзінің айбынымен ерекшеленеді. Бұл – Түркістанның сәулеттік әрі рухани символы. Кесене шығыс сәулет өнерінің озық дәстүрімен салынған. Оның ішкі құрылымы да таңғажайып. Орталық залдың биіктігі 44 метрге жетеді. Ал дәл ортасында жеті түрлі металл қосындысынан құйылған қасиетті Тайқазан тұр. Тайқазанға қарап тұрып, оның салмағын немесе көлемін ғана ойламайсың. Оның ар жағында қанша ғасырдың тарихы, қанша ұрпақтың арманы, қанша бабаның аманаты жатқанын сезінесің.

Қожа Ахмет Ясауи – ұлы ойшыл, ақын, сопылық ілімнің көрнекті өкілі, түркі дүниесіне рухани ықпал еткен тарихи тұлға. Сондықтан Түркістанның қасиеті тек сәулетінде емес, оның рухани мазмұнында жатыр. Бұл топырақта қазақтың хандары, батырлары, билері мен елге еңбегі сіңген көптеген тұлғалар жерленген. Демек, Түркістан – халқымыздың тарихи жады тоғысқан қасиетті мекен.
Ел бірлігі еңселі шаһар тұрғызды
Бүгінде Түркістанның қайта түлеп, ажарланып келе жатқаны – бүкіл елдің ортақ еңбегінің нәтижесі. Түркістанды көркейтуге Қазақстанның әр өңірі өз үлесін қосты. Шымкент ғылыми-әмбебап кітапхана салса, Алматы Медиа-орталық тұрғызуға атсалысты. Елорда демалыс алаңын абаттандыруға жәрдем етті. Атырау облысы қомақты инвестиция құйды. Ақтөбе 500 орындық драма театрын, Батыс Қазақстан 500 орындық концерт залын салуға үлес қосты. Қостанай Неке қию сарайын салуға ниет білдірсе, Қызылорда 100 адамға арналған Шығыс моншасын тарту етті. Бұл – бір қаланың құрылысы ғана емес. Бұл – елдің тарихи астанаға деген құрметінің көрінісі. «Көп түкірсе – көл» деген осы шығар. Түркістанның жаңа келбетінен қазақ елінің бірлігін көруге болады. Әр облыстың өзіндік қолтаңбасы шаһардың сәулетіне қосылып, ортақ игілікке айналуда.

Өткеннен қуат, бүгіннен үміт
Түркістанды аралап жүріп бір нәрсеге анық көз жеткізесің: тарих пен заманауилық бір-біріне кереғар ұғым емес. Керісінше, өткенін қадірлеген ел ғана болашағын нық қалыптастыра алады. Біз, Шиелі журналистері, бұл сапарда талай дүниені көзбен көрдік. Қасиетті кесене алдында үнсіз тұрып, тарихтың салмағын сезіндік. Тайқазанға қарап, бабалар аманатын ойладық. «Керуен сарайда» заманауи технологияның мүмкіндігіне таңғалдық. «Ұшатын театрда» көне тарихты жаңа тәсілмен таныдық. Бір сөзбен айтқанда, бұл сапар кәсіби ізденісімізді де, рухани әлемімізді де байытты.

Күнделікті жаңалықтың соңында жүріп, елдің тыныс-тіршілігін қағазға түсіріп жүрген журналист үшін мұндай сапардың орны бөлек. Өйткені кейде қаламға жаңа ой табу үшін тарихи орынның топырағын басып, бабалар рухына жақындау керек екен. Түркістан бізге соны тағы бір мәрте ұқтырды. Иә, Түркістан – түбі бір түркі жұртының тал бесігі, қазақтың тарихи жады мен рухани әлемінің алтын арқауы. Оны көру – тарихты тану. Оны сезіну – бабалар рухына тағзым ету. Ал оның бүгінгі келбетіне куә болу – тәуелсіздіктің мүмкіндігін бағалау. Ал тәуелсіздіктің тұғырын бекемдейтін күш – ел бірлігі мен ынтымағы. Бабалар тарихынан қуат алған, бүгінін бағалаған, болашағына сенген елдің Түркістаны да, тұтас Қазақстаны да еңселі болмақ.
Гүлнәр Әбдіханиқызы