Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДӘСТҮРЛІ ШАРА ЖАЛҒАСУДА

ДӘСТҮРЛІ ШАРА ЖАЛҒАСУДА

Ауданда ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыру мақсатында «Ауыл Vibe, Retro Night» байқауы бастау алып, аптаның әр жұма кешінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Ауқымды байқау – ауыл тіршілігін жандандырып, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама. Бастама ұлттық мәдениетті жаңғыртуға, ауылдың шығармашылық әлеуетін кеңінен танытуға және дәстүр мен цифрлық дәуірдің үндестігін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жобаға айналып отыр. Байқау арқылы ауыл жастары өз талантын танытып, туған жердің мәдени келбетін қалыптастыруға мол мүмкіндік алды.
Жоба аясында елді мекендерде абаттандыру, мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Өткен жұма кешінде Ақмая және Қарғалы ауылдық округтерінің жас өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен рухани әсер сыйлады.
Байқауға арнайы келіп қатысқан аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, «Ауыл Vibe, Retro Night» байқауы – тек мәдени іс-шара ғана емес, ауыл өмірін жандандыратын, еңбек адамдарының беделін көтеретін, үлкен әлеуметтік жобалардың бірі екенін айтты. Сонымен қатар ­Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ­цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі бастамаларын қолдай отырып, мәдениет пен өнер саласында инновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың маңызын айқындайтынын тілге тиек етті. Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде мұндай мәдени жобалардың жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ауылдық округтер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Кеш барысында ретро әндер шырқалып, заманауи музыкалық композициялар мен түрлі шығармашылық нөмір ұсынылды. Әсіресе, өткен дәуірдің танымал әндерін жаңа форматта орындау көрерменге ерекше әсер қалдырды. Мүмкіндігінше оларда қолдау білдіріп, қос ауылдың жас өрендеріне қолдау көрсетті. Сондай-ақ сахнадағы орындаушылармен бірге ән шырқап, өткеннің жарқын естеліктерін еске түсірді.
– Ауданда әр апта сайын «Ауыл Vibe, Retro Night» шарасы жоғары деңгейде өтуде. Керемет әсер мен есте қалар естеліктері мол кеш болды. Мұның барлығын ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өтуіне мұрындық болған аудан әкімдігі мен өнерлі жастарға алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін, – деді кеш қонағы болған аудан тұрғыны Э.Ахметова.
Іс-шарада екі ауылдық округ те ауылдан шыққан тарихи тұлғаларын дәріптейтін арнайы көрмелер ұйымдастырды. Сондай-ақ ауыл өнімдерін, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бұйымдарды көрермен назарына ұсынды.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл жастары қатысып, ән мен жырдан шашу шашты. Осынау тамаша көрініске куә болған көрермен қошеметпен өнерпаздарды құрметке бөледі. Міне, осылайша дәстүрлі шараны асыға күтетін тұрғындар, тағы бір әсерлі кешті түйіндеді.

М.ИБРАГИМ
18 тамыз 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31