«АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ЖАЛҒАСУДА
Аудан орталығында ауыл жастарының шығармашылығын қолдау, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Ауыл Vibe, Retro Night» байқауы өз жалғасын тапты.Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбаев қатысып, қатысушылар мен көрермендерді құттықтады. Арман Дүйсенбаев өз сөзінде мұндай жобалардың ауыл жастарының шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық өнерді насихаттауға және ауылдар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқаудың басты мақсаты – тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, ауылдардың мәдени әлеуетін таныту, ретро әндерді жаңғыртып, оларды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы жаңа форматта көпшілікке ұсыну. Сонымен қатар, жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі бастамаларын қолдап, мәдениет пен өнер саласында заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың маңызын айқындай түседі.
Бүгінгі байқау барысында Бестам және Керделі ауылдық округтерінің өнерпаздары сахна төрінде өз өнерлерін паш етіп, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін және шығармашылық әлеуетін көрермен назарына ұсынды.Байқауда ретро әндерден құралған концерттік бағдарлама, заманауи музыкалық қойылымдар мен түрлі шығармашылық нөмірлер ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі








