Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мәдениет ошағы – дамудың жарқын көрінісі

Жаңа мәдениет ошағы – дамудың жарқын көрінісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған нақты тапсырмалары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. 2022 жылы Президент лауазымына кіріскен соң ең алғаш қол қойған маңызды Жарлықтың бірі – «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болды. Бұл құжатта ауыл халқының әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, мәдени-рухани тіршілікті жандандыру секілді стратегиялық міндеттер белгіленді.
Осы тұжырымдаманың нақты іске асырылуының бір жарқын мысалы – жуырда Бестам ауылында бой көтерген жаңа мәдениет үйі. Құны 429 млн теңгені құрайтын 150 орындық бұл заманауи клуб – ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік-мәдени нысанға, өнер мен руханияттың жаңа орталығына айналмақ.
Жаңа клубта хор, би, ән, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ заманауи кітапхана жасақталып, ауыл оқырмандары үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Бұл – ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге баулитын, шығармашылығын шыңдайтын алаң. Жобаны жүзеге асырған «Дәнекер» ЖШС сапалы құрылысымен танылып отыр.
Президенттің «Ауыл – ел бесігі» деп аталатын бастамасы аясында елдімекендерде мұндай мәдени нысандардың көбейіп келе жатқаны – мемлекеттің адам капиталына, рухани құндылықтарға зор мән беріп отырғанының дәлелі.
Бестам ауылындағы жаңа мәдениет үйі – сөзсіз, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, мәдени тыныс-тіршілігін жаңаша деңгейге көтеретін маңызды нысан. Ел мен жерді сүйетін ұрпақ тәрбиелеудің, ауыл әлеуетін көтерудің берік іргетасы осы рухани орталықтардан басталатыны анық.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930