Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Малы саудың жаны сау

Малы саудың жаны сау

Мал төлдеу бітсе науқаны, кеңге саламыз арқаны » «Өскен өңір» - Шиелі  аудандық газеті Шиелі ауданының ветеринария саласындағы қызметкерлері ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еңбек етуде.
         Мал шаруашылығы-еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамуын қамтамасыз ететін маңызды салаларының бірі. Төрт түлік мал сау  болса - жануардан алынатын  өнім сапасы жақсы, шаруашылықтың табысы мол  және адамдар жануардан жұғатын аурулардан  аман болады.
Малдар әртүрлі жұқпалы ауруларға тез шалдығады. Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары қысқа уақытта тез тарап,  көп шығынға әкелуі мүмкін. Мұндай аурулардың көбіне емі қиын немесе емі жоқ, сондықтан алдын алу – басты талап.
1. Вакцинацияның маңызы: малдарға вакцина егу-уақтылы вакцинация жасалған жануар ауруға төзімді, ағзасында иммунитет қалыптасып, аурудың таралу қаупі төмендейді, мал өлімі азаяды, шаруашылықтың экономикалық шығыны болмайды.
2. Адам денсаулығы үшін қауіпсіздік: кейбір мал аурулары зоонозды, яғни адамға жұғады (мысалы: сібір жарасы, құтыру, бруцеллез). Малдарды уақтылы егу, диагностикалық тексеруден өткізу-адамдардың денсаулығын қорғаудың маңызды шарасы.
3. Вакцинация кестесін сақтау: Әр жануар түріне арналған арнайы вакцинация кестесі бар. Кестені бұзу, кешіктіру немесе толық орындамау жануар иммунитетінің әлсіреуіне, аурудың таралуына әкелуі мүмкін.
2026 жылғы 8 айы бойынша ветеринариялық іс-шаралар, оның ішінде вакцинациялау мен диагностика жұмыстары жоспарға сай жүруде.
Жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу үшін және таралуына жол бермеу мақсатында 11 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егу және 2 түрлі ауру бойынша диагностикалық  зерттеулер жүргізу жұмыстары қаржыландырылып келеді.
Аталған жұмыстарды «Қызылорда облысы, Ветеринария басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы» кәсіпорны атқаруда.
Жыл басынан құтыру ауруына қарсы-950 итке, 850 ет қоректілерге вакцина қолданылды. Аусыл ауруына қарсы-92400 бас МІҚ, 165800 бас уақ мал, 50 бас шошқа егілді. Сібір жарасын алдын алу мақсатында-40350 бас МІҚ, 39600 бас уақ мал, 11500 бас жылқы, 900 бас түйе малына, Лептоспироз ауруына қарсы-10000 бас МІҚ, пастереллез ауруына қарсы-20000 бас МІҚ, -65500 бас уақ малына, нодулярлы дерматит ауруына қарсы-49000 бас МІҚ малына, күл ауруына қарсы-90000 бас уақ малға, қарасан ауруына қарсы-31000 бас МІҚ, оба ауруына қарсы-34500 бас уақ малына, инфекциялық ринотрахит бойынша-6000 бас МІҚ малына вакцина егу жұмыстары жүргізілді, эхинококкоз ауруының алдын алу үшін-950 итке ветеринариялық препарат берілді.
Бұдан бөлек, жануарлар арасында кездесетін энзоотиялық аурудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Пироплазмозға  қарсы-17000 бас МІҚ, сақауға қарсы-12500 бас жылқы, гастрофиллезге қарсы-5000 бас жылқы малдарына ветеринариялық іс-шаралар жүргізілді.
Жыл басынан  бруцеллез ауруына-90734  бас мүйізді ірі қарадан, 133599 бас уақ малдан, және 955 бас түйе, 7 бас шошқа, 330 иттен  қан алынып, зертханалық тексеру нәтижесінде 1 бас сиыр және  1 бас ұсақ мал  бруцеллез ауруы анықталып, ветеринариялық- санитариялық талаптарға сәйкес қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілді.
         Қазіргі таңда күзгі ветеринариялық вакцина егу, диагностикалық тексеру жұмыстары жүруде. Ауданымызда ахуал тұрақты.
Ауданда  жүргізілетінветеринариялық  іс-шаралардың  толыққандыәрі  сапалы  жүргізілуін бақылау  менветеринариялық  препараттардың қозғалысы,  олардың  тасымалы,ішкі  сауда объектілерінде, жануарлар өсірумен, тасымалдаумен, олардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеумен, сақтаумен, союмен, сатумен айналысатын кәсіпорындардың қызметіне өз құзіреті шеңберінде бақылау жүргізу инспекцияқызметкерлерінің  міндетіне  жатады. Ветеринария саласындағы заң  бұзушылықтаранықталған  жағдайда  жеке және заңды тұлғаларға заң шеңберінде әкімшілік істерді қарайды. Жыл басынан ветеринария  саласының заңнама  талаптарынбұзған  48  тұлғаға әкімшілік  хаттаматолтырылып,  айыппұл салынды. Инспекция  аудандықполициямен  бірлесіп, бекітілген  жоспарға  сәйкесқызметкерлермен бірге рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, заң бұзушылықтың алдын алу шараларын атқаруда.
ҚР АШМ ВБҚК-нің Шиелі аудандық
 аумақтық инспекциясы
11 қыркүйек 2026 ж. 37 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 38

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930