Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Tesla, Google, Amazon: әлемдегі ең дәулетті адамдар аталды

Tesla, Google, Amazon: әлемдегі ең дәулетті адамдар аталды

Tesla, Google, Amazon: әлемдегі ең дәулетті адамдар аталды
Bloomberg агенттігі миллиардерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімнің көшін Илон Маск бастады. Ал сән-салтанат тауарлары саласындағы француз миллиардері Бернар Арно алғашқы ондықтан шығып, 11-орынға сырғыды. Оның орнына ТОП-10-ға 96 жастағы инвестор Уоррен Баффет енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Биыл әлемдегі ең бай он адамның барлығы - АҚШ азаматтары. Былтыр алғашқы ондықтағы жалғыз америкалық емес кәсіпкер Бернар Арно болса, биыл оның орнын Уоррен Баффет басты. 1-орын. Илон Маск (Tesla компаниясы), дәулеті 918,8 миллиард доллар.
2-орын. Ларри Пейдж (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 286 миллиард доллар.
3-орын. Джефф Безос (Amazon компаниясының негізін қалаушы), дәулеті 274 миллиард доллар.
4-орын. Сергей Брин (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 266 миллиард доллар.
5-орын. Майкл Делл (Dell Technologies компаниясының басшысы), дәулеті 245 миллиард доллар.
6-орын. Марк Цукерберг (Meta* компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 229 миллиард доллар.
7-орын. Ларри Эллисон (Oracle компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 208 миллиард доллар.
8-орын. Дженсен Хуанг (Nvidia компаниясының бас атқарушы директоры), дәулеті 181 миллиард доллар.
9-орын. Стив Баллмер (Microsoft-тың бұрынғы бас директоры және «Лос-Анджелес Клипперс» баскетбол клубының иесі), дәулеті 172 миллиард доллар.
10-орын. Уоррен Баффет (инвестор), дәулеті 144 миллиард доллар.

Бұл қандай рейтинг?

Bloomberg миллиардерлер индексі - әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылы іске қосылған. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады.
12 қыркүйек 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930