Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты»: Шиеліде 33 жоба қолдау тапты

«Ауыл аманаты»: Шиеліде 33 жоба қолдау тапты

«Ауыл аманаты» бағдарламасы – әлеуметтің табысын арттыруға, аграрлық бизнесті түлетуге, ауылды дамытып, халықтың тұрмысы мен сапасын жақсартуға бағытталған. Дәл солай ауданда осы жоба аясында қандай жаңалықтар бар екен? Көз жүгіртіп қарайық.
Қазіргі таңда жоба аясында ауданда 33 жоба қолдау тапты. Бір ескере кететін жайт, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мал шаруашылығы жобалары қаралмайтын болып шешілді. Асыл тұқымды мал басын басқа облыстардан алып келушілерге қаралады.Бүгінде өңдеу саласына басымдылық берілуде.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде ­бастау алды. Негізгі мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары өз кәсіптерін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады.
Иә, қараша халық бағдарламалардың бәрін біле бермеуі мүмкін. Тек оның тиімділігін, маңыздылығын түсіну керек. Ауылдың дамуы – еліміздің гүлденуі. Сол себептен қазақтың әрбір ауылының әлеуметтік жақсаруы жарқын болашаққа жетелейтіні сөзсіз.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
11 қазан 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031