Адал адам әділетті қоғам қалыптастырады
Қоғамның дамуы мен мемлекетіміздің өркендеуі ең алдымен әр азаматтың адалдығына байланысты. Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Адал еңбек етіп, заңды құрметтеп, ел мүддесін жеке бастың пайдасынан жоғары қоя білген азаматтар ғана әділетті әрі берекелі қоғам қалыптастыра алады. Сондықтан да «Адал адамнан адал қоғам қалыптасады» деген ұстаным бүгінгі күннің басты қағидасының біріне айналды.Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, халықтың мемлекетке деген сенімін әлсірететін қауіпті кесел. Ол әділдіктің тамырына балта шауып, адал еңбек пен маңдай тердің қадірін кетіреді. Сондықтан жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Әділетті Қазақстанды құру үшін ең алдымен заң үстемдігін қамтамасыз етіп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет» деп атап келеді. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы әр адамның жауапкершілігін арттыруға, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын орнықтыруға бағытталған.
Қазақ халқы ежелден «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп әділдік пен адалдықты жоғары бағалаған. Бабаларымыздан қалған осы асыл қағидалар өз маңызын жойған жоқ. Ел болашағы – жастардың қолында. Сондықтан жас ұрпақтың бойына адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру – баршамыздың парызымыз.
С.Ахмет,
аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы
бас маман-бас қазынашы
аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы
бас маман-бас қазынашы








