Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу

Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу

Сыбайлас жемқорлық – жегі құрт - «Ortalyq Qazaqstan» газеті Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықтың бірі – жемқорлық. Президент пәрменімен өңірлерде жемқорлыққа итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынғаны белгілі.
Жыл басында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда да Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұштұғырының бір негізі ретінде осы індетпен күрес жолын атап өтті. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді» деген Президент бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыра беретінімізді де атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететінін, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтінін, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретінін көзіміз көріп отыр. Сондықтан жемқорлықты жоюға барынша тырысуымыз керек. Ең бастысы – сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның қарсылығына тікелей байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Кез келген адам өзі бетпе бет келген жемқорлық фактілерін әшкерелеп отырса, жемқорлық тыйылар еді. Яғни, Президент бастаған «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы негізгі қағидатымыз адал еңбекпен ас тауып, адал адам атану. Адалдық бар жерде сыбайлас жемқорлық белең алмайды!
Әлия Омарқызы
Шиелі аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашы
10 шілде 2024 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930