
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Дr SAH» оңалту орталығында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында орталықта көрсетілетін қызмет сапасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай, қолжетімділік талаптарының сақталуы және оңалту құралдарымен қамтылу деңгейі зерделенді. Сондай-ақ мамандармен және қызмет алушылармен пікір алмасу жүргізіліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, олардың қоғамға толыққанды араласуына қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін бақылау. Алдағы уақытта анықталған ұсыныстар мен ескертулер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, партиялық бақылау аясында жүйелі мониторинг жалғасатын болады.