Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Терапия бөлімі – саулықтың сенімді мекені

Терапия бөлімі – саулықтың сенімді мекені

Превентивная медицина: революция в здравоохраненииДенсаулық – адам өміріндегі ең қымбат байлық. Оның қадірін адам сырқаттанып, қайта сауығып шыққанда ғана терең сезінеді. Осындай сәттерде дер кезінде көрсетілген медициналық көмек пен дәрігерлердің жанашырлығы ерекше маңызға ие. Денсаулығым сыр беріп, 1 сәуір күні аудандық аурухананың терапия бөліміне түскенде ақ халатты жандардың емі дертіме дауа болды.
Аудандық аурухананың терапия бөлімінде көрсетіліп жатқан сапалы ем мен қамқорлық – соның айқын дәлелі. Бұл бөлім ұзақ жылдар бойы тәжірибелі дәрігер, білікті басшы Бақыт Исмағұлованың жетекшілігімен жұмыс істеп келеді. Ол күн сайын науқастардың жағдайын жеке бақылап, әрбіріне көңіл бөліп, жылы сөзін айтып, үміт сыйлап отырады. Оның кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеті талай жанның сауығып кетуіне сеп болуда.
Сондай-ақ емдеуші дәрігер Назерке Молдабаева да өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білімді әрі мейірімді маман. Ол әр науқастың жағдайын мұқият зерттеп, қажетті ем-шараларды дер кезінде тағайындап, олардың орындалуын жіті қадағалайды. Бұл – дәрігерлік борышқа адалдықтың көрінісі.
Бөлімдегі медбикелердің еңбегі де ерекше құрметке лайық. Гульзафира, Эльмира, Айгерім, Лейла, Шолпан, Күнекей, Тұрсынай, Гүлжанат есімді мейірімді медбикелер науқастарға жанашырлық танытып, әрбір ем-шараны тиянақты орындап, өз істеріне деген адалдықтарын дәлелдеп жүр. Жалпы терапия бөлімінің ұжымы – кәсібилік пен адамгершілікті қатар ұстанған біртұтас ұжым. Олардың тынымсыз еңбегі мен шынайы жанашырлығының арқасында талай науқас сауығып, өмірге деген сенімін қайта табуда.
Ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Денсаулықтың сақшысы – дәрігерлерге қалай алғыс айтсақ та ажарасады. Себебі олар – адам жанының арашасы, үміт пен сенімнің шырағын жағушы жандар.

Қуандық Әлтай,
Қызылорда облысының құрметті ардагері
20 сәуір 2026 ж. 32 0