Массаж жасаудың маманы
Медицина – жауапкершілігі мол, жүгі ауыр мамандықтың бірі. Халық денсаулығының мықты болуы мен науқастардың аяғынан нық тұруы – еліміздегі дәрігерлердің қолында екендігі мәлім. Осы ретте, ауданның денсаулық саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп, зейнетке шыққан білікті дәрігер Күлжахан Сейділдаева жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.
Кейіпкеріміз сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген жан. Бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған. «Денсаулық – басты байлық» ұстанымын жүрегіне бекітіп, емдеу саласында жемісті еңбек еткен Күлжахан Сейділдаева үшін денсаулықтан асқан бақыт жоқ. Ол алдына келген науқастың ауруын анықтап, шұғыл түрде көмек көрсетуге асығып тұрады. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды.
Кейіпкеріміз сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген жан. Бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған. «Денсаулық – басты байлық» ұстанымын жүрегіне бекітіп, емдеу саласында жемісті еңбек еткен Күлжахан Сейділдаева үшін денсаулықтан асқан бақыт жоқ. Ол алдына келген науқастың ауруын анықтап, шұғыл түрде көмек көрсетуге асығып тұрады. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды.
Күлжахан Ерденқызы 1960 жылы 24 наурызда Шиелі ауданы, Керделі ауылында дүниге келген. Дәрігерге шыдамдылық пен жауапкершілік керегін түсінген ол бала кезден адам жанының арашашысы болуды армандаған. Күлжахан 1978 жылы мектепті «Алтын медальмен» тәмамдаған соң, 1979 жылдан бастап Алматы мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алады. Арнайы мамандығы бойынша Қызылорда қаласында, облыстық аурухананың «терапия» бөлімінде интернатурадан өтіп, «дәрігер-терапевт» мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын 1986-1994 жылдар аралығында «Телікөл» ауылдық дәрігерлік емханасында емдеу ісі бойынша бастаған. Содан соң 1995-2016 жылдар аралығында «Бала би» ауылдық емханасында «Жалпы тәжірибелі дәрігер» болып жұмыстар атқарды. «Ең бірінші мен өз жағдайымнан бұрын науқас кісілердің жағдайына алаңдап көп көңіл бөлемін, олардың жазылып шыққаны біз үшін үлкен мәртебе. Үнемі елімізде ауру-сырқау азайып, індеттің таралуынан сақтасын деп тілеп жүремін» дейді ол. Барлық ауыл тұрғындарының алғысын арқалаған ақ халатты абзал жан 30 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп, құрмет демалысына шықты.
Бірақ, бейнеттің зейнетіне жетсе де еңбектен қол үзбеген кейіпкеріміз Алматы қаласына барып, арнайы «массажист» мамандығын оқып, әрі сол жақтағы «Жібек жолы» компаниясынан «СЦЭК» массаж жасайтын апаратын алдырады. «Арнұр кредит» ғимаратының екінші қабатынан массаж жасайтын бөлме ашып, жұмысын жалғастыруға бел байлайды. Көбінесе буындарына тұз жиналып, қан қысымы көтеріліп адам өзін жайсыз сезінген жағдайда, дәрі-дәрмексіз массаж арқылы емдеу әдісі қолданылатынын да тілге тиек етті. Сондай-ақ арқа мен дене бұлшық еттеріне жасалынатын массаж түрі жиі қолданылады екен. Білікті маман алдына келген емделушіні шипалы алақанымен ғана емес, жылы сөз, пайдалы кеңес арқылы да жан дүниесін сауықтырудың әдіс-тәсілін тиімді пайдаланудың маңыздылығына күнделікті тәжірибеде көз жеткізіп келеді. Күлжахан апайдың айтуынша, массаж қабылдауға келген тұрғындардың бірінші денесін қолымызбен ысқылау арқылы буындарын босатып, қызған денені арнайы апараттың көмегімен жасаймыз. Сонда адамның буындарында қан айналым жүйесі жақсарады. Массажды 5 жастағы баладан бастап, егде жастағы адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ бұл массаж денедегі барлық сұйық заттардың қозғалысын, зат алмасуын арттырады екен. Зейнет демалысына шыққан дәрігердің өз ісіне деген сүйіспеншілігі оның одан әрі ізденіп, массажист маман атанғанынан-ақ көрініп тұр.
Ш.Шағдатұлы