Ақ халатты Ақтоты
«Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» дейді халық даналығы. Бұл тұрғыдан келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі, тіпті, артық. Әсіресе, медицина – жүгі ауыр салалардың бірі. Оның ерекшелігі сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сондықтан олар ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүреді. Кейіпкеріміз Ақтоты Молдабаева Шиелі ауданаралық ауруханасында 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі дәрігер.
Әр дәрігер оқуға түскенде және диплом алғанда ақ халатын киіп, ант береді. Індеттің беті қайтпай тұрған осы бір алағай да бұлағай шақта дәрігердің антына адалдығы біздің де көңілге медеу, жанымызға тіреу. Күллі әлемді жаулаған індеттің аясы ұлғайған бұл шақта күн мен түннің ауысқанына қарамай алдыңғы шепте дертпен күресіп жүрген осынау жандардың әрқайсысына айтар алғыс шексіз. Иә, олар да ет пен сүйектен жаралған. Мүмкін бірнеше апта аунап өтсе де, жақындарының қасында бола алмағанына іштей жабырқайтын шығар. Олардың да өз үйі, өлең төсегінде отырып күллі әлемді уысына ұстаған індеттің жай-жапсарын сырттай ғана бақылап отырғысы келіп кететін көңіл қалауы болмайды деп кім айтты? Бірақ олардың анты бар. Ел мен жерді ауру шарпыса ең алдымен соны емдеймін деген ұстанымына берік. Олар – біздің заманның қаһармандары, бүгінгінің батырлары. «Кез келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант беремін. Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге, тіпті ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін». Бұл Қазақстан Республикасы дәрігерінің антынан үзінді. Ақтоты Айдосқызы болса індеттің таралуы өршіген бүгінгінің күнінде осы антына адал болып, аудан тұрғындарын індеттен арашалау үшін күресіп келеді. Отбасынан жырақта, балаларымен жүздеспейді. Мылтықсыз майданның жауынгеріне айналған ақ желеңді дәрігер жұқпалы аурулар бөлімінде КВИ-2 провизорлық бөлімшесінде сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді.

– Бұл дертке бей-жай қарауға болмайды. Коронавирус соңы өлімге алып келетін вирусты пневмонияны тудырады. Сондықтан ол қауіпті. Бас ауыру, мұрыннан су ағу, кеуде тұсының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі сынды тұмауға ұқсас белгілерді байқаған сәтте бірден дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. Бүгінгі таңда аурухананың провизорлық бөліміндегі 100 койка орында толық науқастар жатыр. Карантиндік режимді қатаң сақтап, мүмкіндігінше үйде болыңыздар деп кеңес берудеміз. Өйткені, кислородтың жетіспеушілігі байқалуда. Керек болған жағдайда орнына тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіретін түрлі дәрі-дәрмектерді қолданып жатырмыз, – деді А.Молдабаева.
Аудан халқының амандығын ойлаған дәрігерлердің батылдығы мен батырлығына халықта риза. Адамның ғана емес қоғамның да имунитетін сынаған індет медицина саласының кем-кетігін аңғартып, дәрігерлердің беделін арттыра түскендей. Сын сағаты туғанда ақ халатын киіп, алдыңғы шептен табылған дәрігер қандай марапатқа болса да лайық. «Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Біз осы мақсатта ерінбей еңбек етіп, талмай жұмыс істеп келеміз. Ең бастысы, халықтың алғысына ие болсақ, соның өзі мен үшін үлкен марапат» дейді өзін үнемі еңбек етумен жетілдіріп келе жатқан білікті дәрігер Ақтоты. Иә, қандай атаққа ие болса да, ең бастысы, халықтың берген батасы мен алғысына жетпейтіні рас. Олай болса халық разылығын алып, індеттің бетін қайтарғайсыз деп тілейміз. Халық алғысына бөленген жан бақытты болатыны сөзсіз. Еңбекқор әрі ізденгіш, абырой-беделі үлкен дәрігердің бақыты да, мұраты да осы болса керек.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ