Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғысқа бөленген ақ халатты

Алғысқа бөленген ақ халатты

Неміс ойшылы Артур Шопенгауэр «Біздің бақтымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» дейді. Адам үшін баға жетпес басты байлық денсаулық екені белгілі. Бас аурып, балтыр сыздағанда түрлі ем жүргізіп, дертіне шипа іздеген науқастардың жанынан сын сағатта табылатын дәрігерлердің еңбегі ерен. Иә, адам жанының арашашысы саналатын дәрігердің еңбегін ерлікке теңеп, құрметке бөлеп отырсақ артық емес.
Сексен үш мыңнан аса халқы бар Шиелі ауданы тұрғындарының денсаулығын жіті қадағалап отырған ақ халатты абзал жандарды өз ісінің білгір майталмандары деп айтсақ артық болмас. Осындай берекесі тасыған ауданда денсаулық саласында көпшіліктің алғысына бөленген жандардың қатарында Қарлығаш Назарова да бар.
Ол 1983 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Отбасылық жағдайына байланысты Шиелі ауданына көшіп келген. Осындағы №47 М.Ломоносов атындағы мектепті 2000 жылы ойдағыдай аяқтайды. Бала кезінен дәрігер болуды, ақ халат киюге қызығады. Бала кезіндегі арманы орындалып, Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетін «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдайды. Қай адам болмасын қандай іспен айналысса да сол саланы жетік біліп, адал атқарғанда ғана абырой-беделге ие болады. Ол өзі қалаған жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап, жұртшылықтың ықыласына бөленіп, өзіне жүктелген аймақ тұрғындарының денсаулығын үнемі қадағалап отырады. Алғаш еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда қаласындағы №4 емханадан бастаған. Содан соң, 2009 жылдан бастап «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясында «Жалпы тәжірибелі дәрігер» болып жұмыс істеп келеді. Ол үшін алдына келген сырқаттар сауығып, сауыққан жандардың алғысын алу бір ғанибет. Он үш жылдан астам медицина саласында еңбек етіп жүрген маманға қиындығы мен қызығын қатар еңсерген дәрігердің адалдығы, өз ісіне деген жоғары жауапкершілігі оны абырой биігіне көтеріп отыр.
Тіпті №9 аймақ тұрғындары да Қарлығаштың көрсеткен қызметіне дән риза. Жоғары тәжірибелі дәрігер Қарлығаштың айтуынша, біз науқастардың санына емес, емдеудің сапасына жұмыс жасаймыз. Біздің аймақтық емханадан ем алған науқастарға қолдан келгенше тиісті ем-дом жүргіземіз. Әр науқастың түрлі ауруы үшін арпалысып, денсаулығын жіті қадағалап отырамыз деген дәрігердің сөзінен өз ісінің мықты маманы екенін аңғардық. Яғни, мұндағы жоғары санаттағы дәрігерлер өз ісін үздік меңгерген. Білгір мамандар елімізде індет өршіген тұста жұмылған жұдырықтай тер төгіп, қиын жағдайда болған науқастардың ауруымен арпалыса білді.
Дертіне дауа іздеп келген жандарға қол ұшын созып, тиісті дәрі-дәрмектерін беріп, екпелерін егіп жүрген мейірбекелер Наргиза Айдарбек, Нұрай Іргебай, Айгерім Сұлтанова әр науқастың көңіл-күйін қадағалап, лайықты қызмет көрсетіп келеді. Осылай халықтың денсаулығын бақылауға алып, тұрғындарға қажетті емін көрсетіп жүрген дәрігердің тындырымды ісіне куә болып, еңбегіне жеміс тіледік.

Шапағат Шағдатұлы
13 ақпан 2021 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930