Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 жылдық тәжірибе – халық игілігіне

26 жылдық тәжірибе – халық игілігіне

Денсаулық – адам үшін ең қымбат құндылық. Сол құндылықты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Әсіресе, тіс ауруы жаныңа батқан сәтте білікті дәрігердің көмегі ауадай қажет. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген жанның бірі – Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының тіс дәрігері Бауыржан Ауланбергенов.
Медицина саласында 26 жылдық тәжірибесі бар кейіпкеріміз өз ісіне адал, кәсіби шеберлігімен көпке үлгі болған маман. Ол осы жылдар ішінде сан мыңдаған науқастың дертіне дауа болып, елдің алғысына бөленді. Дәрігердің басты қағидасы – әрбір науқасқа мұқият қарап, сапалы әрі нәтижелі ем көрсету. Қабылдау бөлмесіне келген әрбір адамды жылы жүзбен қарсы алып, сабырмен түсіндіруі – оның адамгершілік болмысының айқын көрінісі.
Бауыржан Ауланбергенов тіс ауруларын емдеуде заманауи талаптарға сай әдістерді қолдана отырып, өз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отырады. Ол үшін дәрігерлік мамандық – жай ғана жұмыс емес, адам өмірі мен денсаулығына деген үлкен жауапкершілік. Сондықтан әрбір ем-домды асқан дәлдікпен, ұқыптылықпен жүргізуді басты міндет санайды.
Дәрігер еңбегіне халық та жоғары баға беріп келеді. Ардагер-ұстаз Ұлымхан Ибрагимқызы өз пікірінде:
«Бауыржан Ауланбергенов – кәсіби білімі терең, қолы жеңіл, науқасқа жанашыр дәрігер. Оның емінен кейін адамдардың ризашылықпен шығуы – адал еңбектің айғағы. Ауданда білікті мамандардың қызмет етуі медицина саласының дамып келе жатқанын аңғартады. Ақ халатты жандарға алғысым шексіз», деп атап өтті.
Әрбір табысты емнің артында бірлескен еңбек тұратыны белгілі. Осы жолда дәрігермен иық тірестіре қызмет атқарып жүрген мейіргерлердің үлесі зор. Маржан Кенжебаева мен Әсел Бимұрза – өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі жоғары мейіргерлер. Олар емханаға келген әрбір науқасқа ерекше ілтипатпен қарап, дәрігер жұмысының жүйелі әрі сапалы орындалуына өз үлестерін қосып келеді.
Шиелі аудандық емхана бөлімінде қалыптасқан осындай кәсіби орта – халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға негіз болып отыр. Ақ халатты жандардың күнделікті тынымсыз еңбегі – көзге көріне бермейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды қызмет.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 20 0

Қоғам

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 24

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031