Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕРТКЕ ДАУА ТАПҚАН ДИНА

ДЕРТКЕ ДАУА ТАПҚАН ДИНА

Динаның дәрісі ғана емес, сөзі де ем. Бұл редакцияға келген ардагерлердің пікірі. Үнемі жылы пейілімен науқастың дертіне дауа тауып, емін айтатын Дина Мақсатқызы «Болашақ» жанұялық емхананың бірінші санатты аймақ дәрігері.
«Денсаулықты ешқандай ақшаға ­айырбастай алмайсың» дейді халқымыз. Бірақ, айырбастауға келмейтін Алланың аманатына адам баласы аса жауаптылықпен қарап, саулыққа сақ болуы қажет. Дерт дендеп, жанымызға батса, денсаулықтың қадіріне жетеміз. Дәрігердің еңбегін бағалаймыз. Бүгінгі кейіпкеріміз Дина Смайлова өз ісінің майталман маманына айналған медицина саласының үздігі. Ол Алғабас ауылында дүниеге келген. №157 орта мектепте білім алып, жастайынан жан баласының жарақатын емдеп, дәрігер болуды армандайды. Арманын мақсатқа айналдыра білген бойжеткен мектеп табалдырығымен қоштасқан соң Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түседі. Білімін жетілдіріп жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған Дина 1990 жылдан бастап кіндік қаны тамған жерге келіп, елге қызмет жасай бастайды. 1991 жылы ол Шиелі аудандық ауруханасында аймақ дәрігері болып жұмыс істейді. Өз ісіне адал бола білген ақ халатты абзал жан қазіргі таңда «Болашақ» аудандық емханасында жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқарады. Аудан халқының денсаулығына алаңдап, абырой биігінен көрініп жүрген ақ халатты абзал жанға айта берсең мақтау көп. Саналы ғұмырын медицина саласына арнаған кейіпкеріміз адам баласының денсаулығын сақтап қана қоймай, қарапайым тұрғындарға көмек-қолын созуға әрқашан дайын
– Басым ауырып, балтырым сыздағанда бірден «Болашақ» емханасына барамын. Мұндағы дәрігерлер әрбір науқасқа ерекше ықыласпен қарап, денсаулығына айтарлықтай көңіл бөледі. Әс3ресе, Дина Мақатқызы үнемі әрбір науқастың денсаулығын қадағалап, жұмысына жауаптылықпен қарайды. Мен Динаны өз ісінің майталманы деп айтар едім. Осындай ақ халатты абзал жанға өз ризашылығымды білдіре отырып, дертке дауа таба білетін дәрігердің жұмысына сәттілік тілеймін, – дейді Әбсаттар Бөлебай.
Ал, білікті дәрігердің адам баласын ажалдан арашалап, дертіне дауа таба білген әрбір ісі біз үшін қуаныш. Хәм үлкен жетістік.

Сымбат СҰЛТАН
13 наурыз 2022 ж. 465 0