15 жастағы қазақ қызы “Мәскеудің жас аруы-2018” атанды
Мәскеуде өткен «Мәскеу аруы-2018» сұлулық байқауында отандасымыз Дина Қожасаева көзге түсіп, «Мәскеудің жас аруы-2018» атағына иеленді, деп хабарлайды Stan.kz.
Байқаудың ақтық кезеңіне 49 бойжеткен қатысты. Нәтижесінде 24 жастағы Алеся Семеренко жеңіске жетті.Ал 15 жастағы қазақ қызы Дина Қожасаева «Мәскеудің жас аруы-2018» атанды. Ол Instagram желісіндегі парақшасында тәж кигізген сәтіндегі суреттерін жариялап, қуанышымен бөлісті.
Еске сала кетсек, 15 жасар қазақ қызы Дина Қожасаева «Мәскеу аруы -2018» талант және сұлулық фестивалінің финалисі атанған еді. Дина туылғаннан бері Мәскеуде тұрады және модель болуды армандайды. Оның үстіне қазақ қызының сыртқы келбеті мен бойы да оған үздік модель болуға мүмкіндік береді.
Қыздың анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, олар Қазақстанның тумасы. Бірақ көп жыл бұрын Мәскеуге көшіп келген. Олар қарапайы өмір салтын ұстанған отбасы. Балалар мектепке барып және Алматы мен Шу қалаларындағы туыстарына үнемі барып тұратын дейді Динаның анасы. Ал Мәскеудегі қазақ қызының сұлулық байқауына қатысуы кенеттен болған жағдай көрінеді.
Stan.kz