Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астана аруы-2018»: Сырдың сұлуы бірінші вице-ару атанды (фото)

«Астана аруы-2018»: Сырдың сұлуы бірінші вице-ару атанды (фото)


«Астана аруы – 2018» байқауында өнер көрсеткен Сыр өңірінің тумасы Александра Беглова бірінші вице-мисс атанды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александра Беглова Қызылорда қаласында білім алып, 2 жыл бұрын арман қуып Астанаға қоныс аударған. Бүгінде «Наз» мемлекеттік театрында биші болып жұмыс істейтін ол кешегі өткен сұлулық сайысында жеңіс тұғырынан көрінді.
Жалпы, «Астана аруы-2018» байқауына Елорданың 20 аруы қатысты. Бұл сайыста байқау жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла деп танылды.
Бірінші вице-ару Александра Беглова болса, екінші вице-ару атағы 21 жастағы Сəние Мерғалиеваға бұйырды. Ал, үшінші вице-ару Диана Ыдыросова деп танылды.
Айта кетейік, «Астана аруы-2018» байқауының жеңімпазы енді «Қазақстан аруы-2018» конкурсына жолдама алды. Сонымен қатар Еуропаның бір еліне саяхаттауға мүмкіндігі бар.


13 желтоқсан 2018 ж. 1 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930