Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Əлем аруы-2018" байқауына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды

"Əлем аруы-2018" байқауына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды


"Əлем аруы-2018" байқауына Қазақстан атынан Екатерина Дворецкая қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биыл "Əлем аруы-2018" халықаралық байқауы 8 желтоқсан күні Қытайдың Хайнань аралында өтеді. 68-ші рет өткізілетін байқауға дайындалу үшін бүкіл əлем арулары 10 қараша күні Қытайдың Санье қаласында жиналады. Олар бір ай бойы қайырымдылық жобаларға, үздік ұлттық костюм конкурсы мен таланттар шоуына қатысады.
Қазіргі "Қазақстан аруы" атыраулық Альфия Ерсайын 16 жаста болғандықтан биылғы "Əлем аруы" байқауына қатыса алмайды. Ол келесі жылғы конкурсқа қатысады. Осы себептен əлемдік лицензия шарттарына сай "Қазақстанның бірінші вице-мисі - 2017" Екатерина Дворецкая байқауға жолдама алады.
"Əлем аруы" конкурсы 8 желтоқсанда тікелей эфирден көрсетіледі. Болжам бойынша, байқауды əлемнің 200 елінен миллиардтан астам телекөрермен тамашалайды.

06 қазан 2018 ж. 1 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031