Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда «Әлем аруы-2018» жеңімпазы анықталды

Қытайда «Әлем аруы-2018» жеңімпазы анықталды


«Әлем аруы-2018» халықаралық байқауының финалы сенбі күні ҚХР-дың оңтүстігіндегі Санья қаласында өтті. Бас жүлдені 26 жастағы мексикалық Ванесса Понсе жеңіп алды.

«Мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым, осыған қарамастан нәтижесі мен күткендегіден де асып түсті. Өзімді бақытты сезінудемін, біз бұны жасай білдік», - дейді ол.
Байқау шарттарына сәйкес сұлу бойжеткен жыл бойы Лондонда тұрып, қайырымдылық шараларына белсенді қатысатын болады. Мексикалыққа тәжді «Әлем аруы-2017» титулының иегері үндістандық Мануши Чхиллар табыстады.
Екінші орынды Тайланд тұрғыны Николин Пичапа Лимснукан иеленді.


Baq.kz сайты
09 желтоқсан 2018 ж. 1 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031