Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш «Әлем аруы» байқауында қазақша ән шырқады

Димаш «Әлем аруы» байқауында қазақша ән шырқады



Алматы, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергенов 8 желтоқсан күні Хайнань аралында өткен «Әлем аруы-2018» байқауында ән айтты. Бұл жайында сұлулық байқауының Instagram-ғы ресми парақшасында айтылды.

«Халықаралық жүлделердің иегері Димаш Құдайберген ерекше вокальды диапазонын көрсете отырып, көрермендерді керемет әнімен тәнті етті», - деді ұйымдастырушылар.
Димаш қазақ тілінде "Ұмытылмас күн" атты өзінің композиторлық жұмысын орындап берді. Димаштың қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі саөнада ән шырқауы әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін көтеріп, тыңдармандар алғысын "жаудырды".
«Осыдан біраз жыл бұрын қазақ әні «Әлем аруы» байқауында орындалады деп кім ойлаған. Димаш, сен мүмкін еместі, мүмкін етіп жатырсың»,-деп жазды әншінің жанкүйерлері.
«Әлем аруы-2018» халықаралық байқауының финалы сенбі күні ҚХР-дың оңтүстігіндегі Санья қаласында өтті. Бас жүлдені 26 жастағы мексикалық Ванесса Понсе жеңіп алды.
Бұл жарыста Қазақстан намысын Екатерина Дворецкая қорғады.


Baq.kz сайты
09 желтоқсан 2018 ж. 1 192 0