Еңбекпен тоғысқан тағдыр
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының тірегі ғана емес, ұлттың берекесі мен ырысының бастауы. Осы салада ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, туған жердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жандар аз емес. Солардың бірі – ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға сүбелі ықпал етіп, мол тәжірибесімен кейінгі буынға үлгі болып отырған ардагер – Жақсылық Әлиев. Оның еңбек жолы – адалдық пен жауапкершіліктің, кәсібіне деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.Соғыс – тек майдан даласында ғана емес, адам тағдырында да өшпес із қалдыратын алапат құбылыс. Біреудің әкесін, біреудің жарын, енді бірінің үмітін жалмап кеткен сол сұрапыл жылдардың салқыны талай шаңыраққа түскені анық. Бірақ сол қиындықтарды жеңіп, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан жандардың ғұмыры – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Жақсылық Әлиевтің әкесі Әлі Есмұратов та сондай тағдыр иесі еді. Майдан даласында аяғынан ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделіп, тек 1949 жылы ғана елге оралады. Соғыстың зардабы денесіне ғана емес, жан дүниесіне де салмақ салғанымен, ол мойымады. Келе сала Ақтөбе колхозына жұмысқа орналасып, қарапайым еңбекпен жаңа өмір бастайды.
Ал анасы Бибіайша Шаймерденова тағдырдың тағы бір ауыр сынағын бастан өткерген жан. Алғашқы жары соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен. Құшағындағы қос ұлынан да айырылып, қайғыдан қабырғасы қайысқан анаға ауыл қариялары батасын беріп, жаңа өмірге жол ашады. Осылайша тағдыр қосқан екі жүрек – Әлі мен Бибіайша – бір шаңырақ астында табысып, жаңа әулеттің негізін қалайды.
Бұл – жоқтан бар жасаған, қайғыдан қуат тапқан буынның тарихы еді.
Күріштің иісі сіңген балалық
Ол жылдары Авангард совхозына кәріс ұлты өкілдері қоныс аударып, егін шаруашылығын қарқынды дамытып жатқан шақ болатын. Сол ортада Әлі ақсақал да санаулы қазақтың бірі болып, тың кәсіп – күріш өсіруді таңдады. Соғыстан қалған жарақатына қарамастан, атыз жағалап жүріп, егіншілік сырын меңгеруге бар күшін салды.

1956 жылы Қазақстан алғашқы мол астық өнімін алған тарихи кезеңде оның да үлесі бар еді. Әр гектардан 45 центнер өнім алғаны үшін Әлі ақсақал Ленин орденімен марапатталады. Бұл – маңдай тердің өтеуі, адал еңбектің айғағы болатын.
Осы шаңырақта 1951 жылы дүниеге келген Жақсылық Әлиевтің балалығы да еңбекпен өрілді. Ол мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап-ақ тіршіліктің мәнін түсініп өсті. Жазғы демалыс – ойын емес, еңбек маусымы. Күріш отау, жүгері жинау, қой қырқу – бәрі оның өмір мектебіне айналды.
Арманға апарар жол
Жастайынан еңбекке шыныққан ол үлкен өмірге де дайын еді. 9 сыныптан кейін анасы жетектеп Алматыға алып барғанда, оның жүрегінде жаңа арман оянды. Үлкен қаланың тынысы, жаңа мүмкіндіктер – бәрі бозбаланы алға жетеледі.

Көп ұзамай ол әке жолын қуып, Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтындағы «ғалым-агроном» мамандығын таңдады.
– Ауылда мүгедек әкем, зейнеткер анам, төрт інім қалды. Солар үшін оқуға бар күшімді салдым, – дейді Жақсылық Әлиев.
Студенттік жылдар оның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі болды. Шәкіртақыдан айырылмау, үздік оқу – бәрі мақсатқа жетудің жолы еді.
Егін даласындағы ерлік
Оқуды аяқтаған соң туған ауылына оралып, еңбек жолын бастайды. Агроном-есепші, бригадир, тұқым шаруашылығының басшысы – әр қызмет оның тәжірибесін шыңдай түсті.
Оқуды аяқтаған соң туған ауылына оралып, еңбек жолын бастайды. Агроном-есепші, бригадир, тұқым шаруашылығының басшысы – әр қызмет оның тәжірибесін шыңдай түсті.
Сол кезеңде техниканың тапшылығы, жүйеленбеген егістік алқаптары жұмысты қиындатқанымен, ол ешқашан мойымады. Керісінше, еңбекті сүйді.
Бас агроном Тянь Гим Чердің қасында жүріп, егіншіліктің қыр-сырын терең меңгерді. Жаңа тәсілдерді енгізіп, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға үлес қосты. Соның бірі – нарядсыз жүйе. Бұл әдіс жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырып, табысын көбейтуге мүмкіндік берді.
«Гиганттағы» үлкен сын
1980 жылы оны Гигант совхозына бас агроном етіп жібереді. Бұл сол кездегі – жағдайы сын көтермей тұрған, өнім көрсеткіші тұралаған шаруашылықтың бірі еді. Алғашында барғысы келмегенімен, әкесінің батасы оны осы жолға бастады. Сол жылы-ақ оның еңбегі бағаланып, «үздік кәсіби агроном» атанды.

Кейін басқарма төрағасының орынбасары, одан соң колхоз төрағасы қызметіне көтерілді. Оның басшылығымен шаруашылық үлкен жетістіктерге жетті. 1990 жылы 20 мың гектар күріштің әр гектарынан 51 центнер өнім алынып, жоғары көрсеткішке шықты. Бидайдан да рекордтық өнім жиналды. Мал шаруашылығы да қатар дамып, өңір экономикасына зор үлес қосылды.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қызмет
Ел тәуелсіздік алған тұстағы қиындықтар да кейіпкерді айналып өтпеді. Жекешелендіру кезеңінде көптеген шаруашылық тарап жатқанда, ол ауыл әкімдігі қызметіне кірісті. 1997 жылы Ақмая, кейін Гигант ауылдарының әкімі ретінде елді мекеннің дамуына еңбек сіңірді. Ол уақыт мемлекеттік бағдарламалардың қарқынды қабылданып, елдің тұрақты өмір қалпына бет алған шағы. Облыс бойынша жас мамандарға 1000 жаңа үй соғу бағдарламасы жүзеге аса бастады. Ол бойынша Гигантта 2003-2007 жылдары 13 тұрғын үй пайдалануға берілді. Инфрақұрылым едәуір жақсарды.

2010 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарған ардагер бұл салаға өлшеусіз үлес қосты. Оның басшылығымен ауыл шаруашылығы көрсеткіштері қарқынды дамып, 2012 жылы аудан облыс бойынша бірінші орынды иеленді. Сол жылы күріштің әр гектарынан 48 центнер өнім алынып, жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.
Зейнетке шыққаннан кейін де ол қоғамнан қол үзбей, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымын басқарып келеді. Саналы ғұмырын аграрлық шаруашылығы саласына арнаған еңбегі лайықты бағаланды. 2008 жылы «Үздік ауыл әкімі» номинациясымен марапатталса, 2014 жылы ауданның үздік агрономы атанды. Сонымен қатар Президенттің Алғыс хатына, облыс басшысының Құрмет грамотасына және бірнеше мәрте алғыс хатқа ие болды.
Ол «Ыбырай Жақаевқа – 125 жыл», «Мұстафа Шоқайға – 125 жыл», Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 және 25 жылдық мерекелік медальдарымен, республикалық кәсіподақ ұйымының І және ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүгінде ол – Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Жердің де жаны бар
Көп жылдық тәжірибесі бар ардагерден мол өнім алудың қыр-сырын сұрағанымызда, ол жердің құнарын сақтау мен арттырудың маңызын ерекше атап өтті:
Көп жылдық тәжірибесі бар ардагерден мол өнім алудың қыр-сырын сұрағанымызда, ол жердің құнарын сақтау мен арттырудың маңызын ерекше атап өтті:
– Біздің кезімізде шаруашылықтағы төрт мың бас ірі қараның көңін қыс бойы егін даласына шығарып, жерге сіңіретінбіз. Соның арқасында топырақтың құнары артып, өнім мол болатын. Күріштің арамшөбін азайту үшін гербицидті мөлшермен қолдану да аса маңызды. Бұрын бидайдың гектарынан 45 центнерге дейін өнім алсақ, қазір бұл көрсеткіш 5 центнерден аспай отыр. Оның басты себебі – жердің тозуы мен тыңайтқышты орынды қолдануда, – дейді ол.
Ардагердің айтуынша, қазіргі таңда монокультура, яғни бір алқапқа жыл сайын бір ғана дақылды еге беру жердің құнарын азайтады. Сонымен қатар полиэтиленмен жабылған бақша алқаптарының қалдықтары да экологияға зиян келтіріп отыр.
– Жерді міндетті түрде тыңайту қажет. Үш жыл күріш еккен жерге кемінде екі жыл жоңышқа егу керек. Қытай, Корея, Вьетнам, Үндістан сияқты елдер күріш шаруашылығын ғылыми негізде дамытып, жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Бізге де сол деңгейге ұмтылуға толық мүмкіндік бар, – дейді тәжірибелі маман.
Бүгінде Жақсылық Әліұлы өмірлік серігі Әйгерім Бейсенбаева екеуі ұрпақ өсіріп, берекелі шаңырақтың ұйытқысына айналған. Үлкен ұлы Жандос Әлиев әке жолын жалғап, ауыл шаруашылығы саласын таңдаса, кіші ұлы Айдос кәсіпкерлікпен айналысады. Тұңғышы Шарипа – медицина саласының білікті маманы, ал Мағрипа – құқық қорғау саласының қызметкері.
Жермен тілдескен адам ғана одан өнім алады. Ал жерді сүйген адам ғана елге пайдасын тигізеді. Жақсылық Әлиевтің ғұмыры – соның дәлелі.
Гүлхан ЯХИЯ