ҮНСІЗ ҚАЛҒАН ҰЛЫ ЕРЛІК
Адамзат тарихында ұмытылмайтын, ұрпақ санасынан өшпейтін, жүрекке мәңгі сызат болып түскен кезеңдер бар. Ол – Ұлы Отан соғысы. Оқ пен оттың ортасында Отан үшін жанын шүберекке түйген ерлердің, елдің ертеңі үшін еңіреген аналардың, тағдырдың тауқыметін қайыспай көтерген халықтың тарихы. Сол бір зұлмат жылдардың жаңғырығы ұлт жадынан ешқашан өшпейді. Себебі Жеңіс – өздігінен келген бақ емес, ол – миллиондаған тағдырдың, төгілген қан мен көз жастың, қайсар рух пен өлшеусіз құрбандықтың жемісі.Қазақ даласынан да сол сұрапыл соғысқа мыңдаған азамат аттанды. Олар туған жердің топырағын, елдің бейбіт таңын, ұрпақтың еркін өмірін қорғау үшін қолына қару алды. Бірі ерлікпен оралды, бірі мәңгілікке майдан даласында қалды. Бірақ сол батырлардың бәрі бірдей даңқ тұғырына көтеріліп, көпшілікке кеңінен танылып кете алған жоқ. Кейбір есімдер уақыттың тасасында қалып қойды. Алайда ел үшін еткен еңбек пен төгілген тер, көрсетілген ерлік ешқашан құнсызданбайды. Ондай жандардың ғұмыры – бүгінгі ұрпаққа өнеге, ертеңгі буынға аманат. Осындай ел ішінде есімі көп атала бермесе де, ерлігі мен еңбекқорлығы ерекше құрметке лайық азаматтардың бірі – соғыс ардагері Нәби Мұханбетов. Оның өмір жолы – қайсарлықтың, төзімнің, адалдықтың және туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
ҚАРАПАЙЫМ АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ҚАЙСАР ҰЛ
Нәби Мұханбетов 1905 жылы Бестам ауылында дүниеге келген. Қарапайым отбасында өсіп, еңбекпен есейген ол қазақы тәрбиенің уызына жарып өсті. Оның балалық шағы сән-салтанатпен емес, тіршіліктің тауқыметімен, тұрмыстың қарапайым қалпымен өрілді. Осындай ортада шыңдалған бала ерте есейді, өмірдің ащысы мен тұщысын жастайынан таныды.

Нәби атамыздың білім жолы да сол дәуірдің шындығын аңғартады. Ол небәрі 2 сыныптық білім алып, 1936 жылы мектепті тәмамдаған. Бүгінгі өлшеммен қарағанда бұл аз көрінуі мүмкін. Бірақ сол кезеңдегі ауыл тіршілігі, заманның ауыр ахуалы, әлеуметтік жағдайдың күрделілігі мұндай білім алудың өзі үлкен мүмкіндік болғанын ұмытпауымыз керек. Ең бастысы – Нәби Мұханбетовті өмірдің өзі оқытты, еңбек тәрбиеледі, уақыт шыңдады.
МАЙДАНҒА АТТАНҒАН АЗАМАТ
Араға бес жыл салып, ел басына күн туған шақта Нәби Мұханбетов те Отан алдындағы парызын өтеуге бел буды. 1941 жылдың 22 маусымында Сырдария аудандық комиссариатының әскери жұмылдыруына шақыртылды. Сөйтіп 1941 жылы 15 шілдеде 467 атқыш полкінде әскери ант қабылдады. Осы сәт – оның бейбіт өмірден біржола қол үзіп, майданның қатал шындығына қадам басқан кезі еді. Әскери комиссариаттан өтіп, өзі секілді жалындаған жас жігіттермен бірге майданға аттанды. Оның әскери мамандығы мен лауазымы – атқыш.

Майдан – ерлік мектебі. Онда әлсіздікке орын жоқ, қорқынышқа жол жоқ. Кеше ғана ауылдың қарапайым азаматы болған Нәби Мұханбетов соғыстың алғы шебінде жүріп, жауға қарсы шын мәніндегі жауынгерге айналды. Әскери тәжірибесі болмаса да, ол 467 атқыштар полкінің сапында нағыз сарбаз ретінде шыңдалды. Қаншама шабуылдың бетін қайтарды, қаншама қауіпті сәттерді бастан өткерді, қаншама рет ажалмен бетпе-бет келді.
Ол соғысқа 1942 жылдың 14 қарашасына дейін қатысып, сол күнге дейін майдан даласында Отан қорғау жолында аянбай шайқасты. Алайда тағдыр оған ауыр сынақ дайындап тұрған еді. 1942 жылдың қараша айында Нәби Мұханбетов аяғынан ауыр жарақат алды. Ол эвакуациялық госпитальда емделді. Жауынгер үшін саптан қалу – рухани тұрғыдан да, тәндік тұрғыдан да ауыр соққы. Бірақ Нәби атамыз сынбады. Ұзақ емнен кейін, 1943 жылдың 1 қазанында, КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығына сәйкес әскер қатарынан босатылды. Дәрігерлер оны соғысқа жарамсыз деп таныды. Сөйтіп, ауыр жарақат алған жауынгер сол жылы елге оралды.
БІР ЖЫЛҒА ТАТИТЫН МӘҢГІЛІК ЕРЛІК
Нәби Мұханбетов майданда небәрі 1 жыл ғана болғандай көрінуі мүмкін. Бірақ соғыстағы бір күннің өзі кейде бейбіт өмірдегі бір жылға татитыны белгілі. Ал майдандағы бір жыл – жан мен тәнге түскен өлшеусіз салмақ, ерлік пен шыдамның шынайы өлшемі. Ол қан майданда аз уақыт болғанымен, оның ерлігі елеусіз қалмады. Отан үшін от кешкен жауынгер 1945 жылы 9 мамырда «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды. Осы медаль – Нәби Мұханбетовтің кеудесіне тағылған темір белгі ғана емес, тұтас бір ұрпақтың жүрегіне жазылған ерлік таңбасы. Ол – соғыс шындығын көрген, оқ пен оттың арасынан өткен, жараланып қайтса да рухы жасымаған қазақ азаматының бейнесін айшықтайтын қасиетті белгі.

Нәби Мұханбетовтің шынайы тұлғасын танытатын ең басты қасиеттердің бірі – оның мойымауы. Соғыста ауыр жарақат алып, өмір бойына салмағын сезінсе де, ол «жарақат алдым» деп қол қусырып отырған жоқ. Қайта елге келген соң, бейбіт өмірдің жаңа майданына кірісті.
БЕЙБІТ ӨМІРДЕГІ ЕҢБЕК
Ол туған жерге оралғаннан кейін шаруашылықпен айналысты, төрт-түлік бағып, тіршіліктің қамын жасады. Соның ішінде әсіресе түйе түлігіне ерекше ден қойғаны айрықша назар аударарлық. Мал бағу – қазақ үшін жай ғана кәсіп емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүр, далалық даналықтың жалғасы. Нәби атамыз осы дәстүрді үзбей, еңбекпен елге қызмет етудің үлгісін көрсетті. Майданнан келген ардагер тек соғыста ғана емес, бейбіт күнде де елдің еңсесін тіктеуге атсалысты. Ол ауыл көтерді, шаруашылықты дамытты, ұрпақ өсірді, елдің еңсесін қайта тіктеді.

Мәселен, 1985 жылдың 1 қаңтарында жарық көрген «Өскен өңір» газетінің №1 санында «Екпінді еңбек жеңіске бастайды» атты мақалада Сейілбек Шаухамановтың есебі берілген. Онда мал шаруашылығын өркендету, қоғамдық мал басын өсіру және оның өнімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғаны баяндалады. Сол дерекке сүйенсек, аудан бойынша әр жүз аналықтан 109 қозы, 56,6 бұзау, 61 құлын, 46 бота алынған. Әрине, бұл маңдай тердің, жүйелі еңбектің, шаруашылыққа деген жанашырлықтың нәтижесі. Сондай-ақ қоғамдық мал басы: ірі қара бойынша 22 891 басқа, қой 184 945 басқа, жылқы 4379 басқа, түйе 1492 басқа жеткізілген. Әсіресе түйе түлігінің көрсеткіші Нәби Мұханбетов секілді осы салаға ден қойған еңбек адамдарының бейнеті мен берекелі тірлігін көз алдыңа әкеледі.
Ал уақыт өте келе өңірдің шаруашылығы да жаңа белеске көтерілді. 2025 жылы ауданда мүйізді ірі қара саны – 85 742 бас, қой мен ешкі – 13 7912, жылқы – 27 543, түйе – 1769 бас болып отыр. Бұл – тарих беттерінде таңбаланып қалған бұрынғы көрсеткіштерден едәуір өскен нәтиже. Яғни, кешегі еңбек бүгінгі өркендеудің негізіне айналды. Кеше Нәби Мұханбетов секілді азаматтар маңдай терімен қалыптастырған шаруашылық мәдениеті, еңбекке деген адалдық, төзім мен табандылық бүгінгі жетістіктердің тамыры болып отыр.
ОТБАСЫ – ӨМІРДІҢ ЖАЛҒАСЫ
Соғыс пен еңбек адамды тек шыңдап қана қоймайды, оның жүрегіндегі мейірім мен жауапкершілікті де айқындайды. Нәби Мұханбетов өмірдің барлық саласында азаматтық биігінен көріне білді. Ол Әлима Асанқызымен шаңырақ көтеріп, өнегелі отбасы құрды. Бір-біріне сүйеу болған ерлі-зайыптылар 3 қыз бен 1 ұл өсіріп, тәрбиеледі. Оның тағы бір үлкен жеңісі – осы. Майданнан аман оралып, ұрпақ өрбіту, шаңырақтың отын сөндірмеу, балаларына адалдық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсету – әрбір ер-азаматтың өмірлік мұраты. Нәби Мұханбетов осы мұратты абыроймен атқарды. Бүгінде оның ұрпақтары осындай қайсар батырды, соғыс ардагерін мақтан тұтады. Себебі Нәби Мұханбетов тек өз әулетінің ғана емес, тұтас елдің қадірлі перзенті.

Тарихта кейбір адамдардың аты алтын әріппен жазылады. Ал кейбір жандардың есімі архивтерде, шаң басқан құжаттарда, ұрпақ жадында ғана сақталады. Бірақ олардың ел алдындағы еңбегі еш кемімейді. Керісінше, уақыт өткен сайын мұндай тұлғалардың қадірі арта түседі. Нәби Мұханбетов – сондай азамат. Оның есімі ел ішінде көп аталмауы мүмкін. Ол жайлы үлкен мінберлерден көп айтылмаған шығар. Бірақ оның жүріп өткен жолы – тұтас бір дәуірдің айнасы. Ол – соғысқа барып, жараланып қайтқан жауынгер. Бейбіт өмірде бел шешпей еңбек еткен шаруа адамы. Ұрпақ өсірген әке. Елге үлгі болар азамат.
Нағыз батырлық – даңқ іздеу емес, парызды үнсіз атқару. Нәби Мұханбетовтің өмірі дәл осы ұғыммен астасып жатыр. Ол ерлік жасады, бірақ оны жар салмады. Ол еңбек етті, бірақ мақтан қумады. Ол өмір сүрді, бірақ артында өшпес өнеге қалдырды.
ҰМЫТЫЛМАУЫ ТИІС ҰЛЫ ТАҒДЫР
Ұлы Отан соғысының ардагерлері – біздің өткеніміздің ғана емес, болашағымыздың да темірқазығы. Олар бізге бейбіт аспан сыйлады. Олар бізге еркіндікке бастар жолдың негізін қалады. Олар бізге туған жердің қадірін, Тәуелсіздіктің бағасын ұқтырды. Біз осындай есімі елеусіздеу қалған ерлерді ұлықтағанда ғана тарихымыз тұтас болады. Біз осындай тұлғаларды танытқанда ғана ұрпақ тәрбиесі кемелденеді. Біз осындай ардагерлердің өмірін насихаттағанда ғана елдік санамыз нығаяды.

Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ