Көктем келсе, Сыр бойының тынысы өзгереді. Қыстан қажыған қара жер бусанып, атыз жағалаған ағайынның қимылы көбейеді. Таң қылаң бере егіс басына шыққан трактор үні мен су сылдыры бір-біріне араласып, тіршіліктің жаңа ырғағын қалыптастырады. Иә, бұл Шиелі ауданы үшін жыл сайын қайталанатын үйреншікті көрініс...