Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Ұлы Отан соғысының
ардагерлері!
Қадірменді тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

Баршаңызды өшпес ерлік пен қаһармандықтың мерекесі 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – туған жерді, Отанды шынайы қастерлеуді паш еткен ең ұлы күн, халқымыздың беріктігі мен қайсар рухының белгісі. Ұлы Жеңіске ержүрек халқымыздың өжеттілігі мен бірлігінің арқасында қолымыз жетті. Бүгінгі Тәуелсіздігіміз, еліміздің өркендеуі – осынау Ұлы Жеңістің жалғасы.
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, айтулы мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аянбай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.
Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан даңқты батырларымыз бен ардагер аға-апаларымыздың, майдангер ақсақалдарымыздың ерлігі көпке өнеге, ұрпаққа үлгі және Отан қорғаушы жас жауынгерлерімізге ғибрат болуы тиіс.
Киелі Шиелі ауданынан ел қорғауға 6 мыңнан астам адам соғысқа аттанып, олардың 4407-сі майдан даласынан қайта оралмады. Бүгінгі ұрпақ соғыстың соңғы сарбазы Сәрсенбек ­Байжанов ақсақалды үлгі етеді.
Біз әрқашан бейбіт күн мен тыныштық сыйлаған қаһармандардың құрметіне басымызды иіп, соғыс және еңбек майданында Ұлы Жеңіске жету жолында өз үлесін қосқан ауданымыздың ардагерлерін ризашылықпен еске аламыз.
Ардақты Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері!
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен,
Қ.Мүбараков,
Шиелі ауданының әкімі
07 мамыр 2021 ж. 327 0