Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қаражатын тиімді пайдалану – маңызды міндет

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану – маңызды міндет

Аймақ бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 22 аудиторлық іс-шара шеңберінде – 141 мемлекеттік аудит объектілері аудитпен қамтылды. Сонымен қатар 4 сараптамалық талдау іс-шаралары жүргізілді. Тексеріс нәтижесі – қаржылық бұзушылықтар, қаржыны тиімсіз пайдалану мен тиімсіз жоспарлау сынды үш пункт бойынша сараланды. Бұл мәлімдеме осы жылдың 22 мамырында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы, мемлекеттік сатып алу басқармасынан жауапты мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтардың алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында өткен конференцияда баяндалды. Сондай-ақ конференция мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі өзгерістер жаңа меженің бүгіні мен ертеңі де сөз етілді.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бөлім басшысы Б.Ниеталиев, мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.Құрақбаев баяндама жасап, есепшілер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді. Конференцияға мекеме, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері мен есеп жұмыстарымен айналысатын мамандары және аудандағы мектеп, балабақша, мәдениет үйлерінің есепшілері қатысты.
Мемлекеттік аудит – бұл тек кемшіліктерді анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу, басқару сапасын арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған жүйелі әрі кешенді жұмыс болып табылады. Осы орайда Тексеру комиссиясының атқарып отырған қызметі өңірдегі қаржылық тәртіптің сақталуына, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуына ықпал ете отырып, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды құралдардың бірі болып табылады.
Басқосуда «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтардың алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында бірнеше құқықбұзушылықты байқадық. Жүргізілген аудит, сараптамалық талдау тәжірибесіндегі бюджет қаражаты мен активтерін басқарудағы кемшіліктер мен бұзушылықтар тарқатылды. Әсіресе білім мен медицина саласында құқық жиі бұзылған. Яғни, тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген сараптамалық-талдамалық іс-шараларында білім саласы бойынша жеке колледждер білім алушылардың нақты контингенті ескерілмей бюджеттен негізсіз қаржы алынып жұмсалғандығы анықталған.

«Өскен өңір» ақпарат
29 мамыр 2026 ж. 90 0