Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2020 жылдың аудиторлық қызметінің көрсеткіштері»

«Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2020 жылдың аудиторлық қызметінің көрсеткіштері»


Департамент тарапынан 2020 жылы 102 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 58,5 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 50,7 млрд. теңге немесе 86,7% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 7,8 млрд. теңге немесе 13,3% жалпы анықталған бұзушылықтар сомасынан.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 50,1 млрд. теңге, олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 49,7 млрд. теңге (немесе 99,8%) және бюджетке өтелгені 215,5 млрд. теңге (немесе 95,7%).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 7,8 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қорытындысына әсер ететін 7,0 млрд. теңге және 771,3 млн. теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейтін, сонымен қатар жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 7,8 млрд. теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын үлес көрсеткіші 100%. құрайды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 328 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы 25,7 млн. теңгені құрап, оның ішінен 19,5 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2020 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 1,6 млрд. теңге сомасында 23 мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 2 аудит материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалып, сот органдарына жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 108 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған.
Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі
26 наурыз 2021 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930