«ҚҰТ-БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – НАУРЫЗ» ШАРАСЫ
Бүгін Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың қатысуымен «Құт-береке бастауы – Наурыз» атты Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне арналған ауқымды мерекелік шара өтті.Мерекелік бағдарлама концерттік қойылымдармен ашылып, ән мен жырдан шашу шашылды. Мұнбаралған бишілер ұлттық билерді көрерменге көрсетіп, халықты мерекелік көңіл-күйге бөледі. Әншілер мен күйші өнерпаздар қазақтың дәстүрлі ән-күйлерін шебер орындап, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, театрландырылған көріністер мен балалар ойындары да ұйымдастырылып, әр жас өкілінің мерекеден өз үлесін алуына мүмкіндік жасалды.Көрермендер ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татып, түрлі ойын-сауыққа қатысып, көктемнің жаңаруымен бірге береке мен бірлікке толы мерекені тойлады. Мереке барысында аудан тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен, дәстүрлі салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, Ұлыстың ұлы күнін атап өтті.@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.






