Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАҢЫРАҚ КҮНІНДЕГІ ШАТТЫҚ

ШАҢЫРАҚ КҮНІНДЕГІ ШАТТЫҚ

 
Кеше “Руханият” орталығында, «Наурызнама» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай дәстүр мен ғұрыпты насихаттауға арналған «Шаңырақтағы салт-дәстүр» атты мәдениет қызметкерлері арасында аудандық фестиваль өтті.

Аталған фестиваль ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттауға, олардың мән-маңызын жас ұрпаққа түсіндіруге, қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, жаңғырту және дәріптеуге, сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға, жастардың ұлттық өнер мен тарихқа қызығушылығын арттыруға, өнерлі ұжымдар мен таланттарды қолдауға және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.

Фестиваль үш кезең бойынша өтті. І кезеңде ЖИ-ді пайдалана отырып таныстырса, ІІ кезеңде әкесі ұлымен, анасы қызымен қолөнер бұйымдарын жасап, көрерменге ұсынды, ал ІІІ кезеңде әр отбасы өз өнерлерін көрсетті.

Фестивальге Досбол датқа ауылынан Таспамбетовтер отбасы, Ақмая ауылынан Пірімбетовтер отбасы, Бидайкөл ауылынан Тоқмырзаевтар отбасы, Қарғалы ауылы Қайнарбековтер отбасы, Шиелі кентінен Гаийповтар отбасы қатысты.
18 наурыз 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031