Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенің таңдауың – сенің болашағың

Сенің таңдауың – сенің болашағың

Есірткі есті алып барады | Aikyn.kz Аян әр таңды қуанышпен қарсы алатын. Құстардың сыңғыры, күннің алтын сәулесі – бәрі оның жүрегін шаттыққа бөлейтін. Бірде балалармен таудың биік шыңына шығып, ойнап жүрді.  Сол сәтте ауылға қала жақтан ерекше киінген жасөспірімдер тоқтады. Көліктен түсіп, ауыл табиғатын тамашалағандай болып,  ауыл балаларына тәттілер мен қораптар ұсынды. Бала көңілі бәрібір қызықты қораптың ішін көруге асыққандай, көздері жайнап тұрды. Бірі көлікке қызықты, бірі қорапқа қызықты. Жас жігіт  балаларға «келіңдер, келіңдер» деді. Барлығына таңырқай қарап тұрған жалпақ маңдайлы, балуан тұлғалы Аянның құлағына таудың самал желімен «Аян… бір сәттік қызық өміріңді бұзуға жол берме» деген сыбырлаған дауыс келді. Бұл дауысқа сенерін яки сенбесін білмей тұрып қалады. Аян қорқып қалса да,  достарына жат қораптың ішінде қандай зат боларын, оны үлкендердің рұқсатынсыз ашуға болмайтынын ескертті. Аян қорқынышын жеңіп, «Ата» деп айқайлады.  Бұл дауыстың өмірлік таңдау екенін сезгендей жігіттеркөлікке  жапа-тармағай мінді. Көлік әп-сәтте зу етті. Бала  жүрегі қуаныштан лүпілдеп, жаңа күшті табиғат самалынан алғандай болды.
Полиция  қызметкерлеріАянның батылдығына тәнті болып, балаларға шешім қабылдаудың маңызды екенін үйретіп, ауыл ақсақалдарымен бірігіп спорт клубын ашты. Полицияқызметкерлері  ауылдың кіре беріс бөлігіне «Есірткіден бас тарту – дұрыс шешім қабылдаудың үлгісі. Сенің таңдауың – сенің болашағың» деп жазып қойды. Содан бері қауіпті қорап пен есірткі туралы әңгімелер  кітап бетіндегі тарихта қалғандай...
Тұрмахан Кәусар
Қызылорда қаласы, Б.Шалғынбаев атындағы
 №217 ІТ-мектеп-лицейінің
6 «А» сынып оқушысы.
Жетекшісі Жұмабекова Айғаным
20 қаңтар 2026 ж. 40 0