Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең биік тау – туған үйіңнің табалдырығы

Ең биік тау – туған үйіңнің табалдырығы


– Еврей деген халық бар. Олар адамның тегін атасына қарап анықтамайды, анасына қарап анықтайды. Ана тілі деген ұғым бар, ата тілі дейтіні де бар, бірақ ана тілі көбірек айтылады. Себебі, осыдан болса керек. Түріктер «Ана жұрт» деп атайды. Дүниедегі ең биік тау сенің туған үйің, сенің туған үйіңнің табалдырығы. Сенің ең алғашқы асуың да туған үйіңнің табалдырығынан бас­талады. Табалдырықтан биік тау жоқ. Бала еңбектейді. Сол кезде балаға бірінші кездесетін кедергі табалдырық. Сол табалдырықтан өтсе үлкен ерлік жасағаны болады. Одан кейін талай-талай кедергі болады, талай-талай тау болады. Бірақ оның бәрі табалдырықтан өтетін қиыншылыққа жетпейді. Адамның алатын ақпаратын 100 пайыз деп алсақ, оның 75 пайызы 12 жасқа дейін, 15 пайызы 6 жасқа дейін, қалған 5 пайызы 4 жасқа дейін кіреді, қалған уақытта бәрібір кірмейді. Менің ақыл-ойымның 99 пайызы осы Сыр өңірінде өткізген 12 жыл ішінде қалыптасқан болуы керек. Бүкіл адам бойындағы қасиеттің 75 пайызы осы алғаш өскен табалдырығынан, тыныс алып, өсіп-өнген ауылынан бастау алады. Мен 12 жасымда ауылдан ұзадым. 10 жылдай Алматыда, Мәскеуде, тіпті, Еуропада жүрдім. Біз баспаған жер жоқ. Байқап қарасам, магниттік өріс қайда барсам да осы Шиелінің топырағы тартады да тұрады. Мен үшін ол қара құм, қара жел, жыңғыл, тораңғыл ұғымдарымен сабақтасып жатыр. Дүниедегі ең керемет өсімдік – жантақ. Біреулер айтады роза гүл, тюльпан дейді. Бәрі бос сөз. Жантақта нәр бар. Түрі ажарсыз, тікен, бірақ нәрлі. Бұл дүниеде жыңғылды, жантақты ешбір роза гүліне де, басқаға да теңестірмес едім. Менің бойымда қандай да бір артықшылық болса, осы күнге дейін қандай нәтижеге қол жеткізсем, соның бәрі туған жерімнен тамыр тартады. Уақыт өте келе, қайтадан елге келетін болдық. Аракідік туған жерге аяқ басқанда көп өзгеріске куә болам. 1993 жылы Қызылордадан сайлауға түстім, ол кезде ауылдың да, қаланың да жағдайы қиын еді. Қазір ауыл өзгеріпті, қалада да көпқабатты үйлер көптеп салынған. Туған жерге келіп, тағзым ету, елдің алдында бас ию үлкен мәртебе.
Асқар жұмаділдаев,
академик.
20 желтоқсан 2017 ж. 4 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930