Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығатын жасы қалай өзгереді?

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығатын жасы қалай өзгереді?


Қазақстанда әйелдердің зейнет жасының қалай өзгеретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Алатау аудандық бөлімшесінің өкілдері айтып берді. 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес, 2018 жылдан 2027 жылға дейін әйелдердің зейнетақы жасының кезеңімен жоғарылауын көздейтін норма 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы жүйесінде еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Мамандардың айтуынша, базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнетақы жасына жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай әйел адамдар үшін. Зейнетақы өтіліне не кіреді? Зейнетақы өтіліне 1998 жылдың 1 қаңтарынан басталған еңбек өтілі, міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі, бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі, жастайынан мүгедек баланың күтімі, әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органының қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен бірге тұрған уақыты. Зейнетақы есептеулерінің әдістемесі қандай? Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп оны БЗЖҚ аударған болса немесе мүлдем жұмыс істемесе, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға жоғарылап отырады. Мысалы, 20 жыл еңбек өтілінде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жылда  94 пайызын құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайды. Зейнетақы жасы кімдерге тимейді? Қазақстандағы зейнет жасының көтерілуі зейнеткерлікке қазіргі кезде ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы жоқ. Бұл - бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Сонымен қатар, 1949 жылдың 29 тамызынан бастап 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі мерзімде төтенше және максималды радиациялық қауіпі бар аймақтарда 5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер, 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқықтары бар. Зейнетақы рәсімдеудің мерзімдері қандай? Әйел зейнет жасына  2017 жылдың 10 қарашасында толып (58 жас) және уақытында (2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш білдірмесе және 2018 жылдың 1қаңтарында келсе,  Заңның 11- бабының 1-тармағына сәйкес, ол жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға тек 58,6 жасқа толғанда өтініш бере алады.
Kaz.tengrinews.kz
13 желтоқсан 2017 ж. 1 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031