Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Есірткісіз өмір – ғажайып! » Жалағаш жаршысы Мен өмірді қалаймын, таза, мөлдір,
Жүректегі үмітім – жарқын өмір.
Есірткіге ермеймін, бос үмітпен,
Өз жолымды табамын мен нық сеніммен.

Қараңғыда адасқан сәттер болса,
Сүрінсең де, қайта тұр арман барда.
Алыстасын мәңгіге, күмәнді ойлар,
Есірткімен алданба, өміріңді лайлар!

Есірткі, Ол бір күндік ләззат,
Шегесің одан мәңгілік азап.
Өмірің сенің – жарқын, таза ғұмыр,
Болашағың қалайды, шырмаусыз азат! 
            
Болашаққа қадам бас арманы көп,
Болашақтың ұсынар сансыз сыйы көп.
Бақытқа толы, арманы биік өмір деген,
Қадірлейік досым өмірдің сыйын берген.

Сенің таңдауың досым жарқын жол,
Өмірдің мәнін түсініп бақытты бол.
Бәрін жеңіп шығамыз, қиындықтың,
Біз өмірді қалаймыз бақыты мол!
Молдабеков Бағлан
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
«№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп – лицей»КММ
8 сынып оқушысы
08 қараша 2024 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031