РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ
«Бақыт деген сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің» деп келетін өлең жолдары мұзарт таудың мұзбалақ ақыны Мұқағалидың қаламынан туып, бүгінде әнге айналып, жүректерді тербеп жүр. Иә, бала – бақыт. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

Осыған орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жоба аясында аудандағы ерекше білімді қажет ететін 30 бала рухани саяхаттады. Олар Ә.Қоңыратбаев «әулиелердің ордасы» деп атаған Оқшы Ата кесенесіне барып қайтты.
Саяхат жасау кезінде өткен тарихымызды танып білуге, танысуға мүмкіндік жасалды. Мейлінше таным көкжиектері кеңейді. Балалар көптеген мағлұматтар алып, керемет әсерде болғандарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
– «Балалар жылының» тарихына қосылған тағы бір танымдық саяхат болды бұл. Біз осындай ерекші оқуды қажет ететін балаларды қолдап, оларға тарихымызды түгендеп жеткізіп, білімін толықтыру арқылы оқу процесіне өз үлесімізді қосқымыз келді. Мойындау керек, мұндай рухани саяхаттар балаларға қатты ұнайды, – дейді ұйымдастырушылар.
Заманында Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей, «баланы бұзуға да, түзеуге де себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге» екендігі айқын. Рухани жаңғыру білім ордасынан басталатын ескерсек, мұндай тағылымға толы саяхаттар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім бар.
С.МАДИЯРОВА