Оқушыға смартфон қажет пе?
Бүгінде смартфон – баланың да, үлкеннің де ажырамас «досына» айналды. Тіпті оқушылар да мектепке телефонсыз бармайды. Бұл – заман талабы ма, әлде тәрбиедегі олқылық па? Мәселенің екі жағы бар, әрине. Сараптап көрейік.Мектеп оқушыларының сабақ уақытында смартфон ұстауына қатысты жайт талай жылдан бері дауға ұласып келген еді. Білім саласындағы түйткілді мәселенің де шешімі табылған сыңайлы. Қазір оқушылардың оқу процесі кезінде смартфон ұстауына заңмен тыйым салынған. Яғни «Білім туралы» заңның 47-бабының 10.1-тармағына сәйкес, сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға болмайды. Егер оқушы айтылған тәртіпті бұзса, оның ата-анасы немесе қамқоршысына 5АЕК көлемінде, шамамен 20 мың теңге айыппұл салынады.
Білімнің сапалы әрі жүйелі берілуінде тәртіп пен заңның берік болуы, әлбетте, қуантарлық жайт. Заңның мақсаты да – баланың сабаққа көңіл бөлуін қадағалау. Телефон қоңырауы, әлеуметтік желінің әлегі баланың білім алуына да, денсаулығына да зиян тигізері айтпаса да түсінікті. Десе де телефон түбегейлі қажет емес деп те айта алмаймыз.
Пайдасы қандай?
Мәселен ата-ана үшін бала мектепке барып-келгенше хабарласып отыру – сенімділік. Кез келген жағдайда байланыста болу – үлкен плюс. Әсіресе, мектеп пен үйдің арасы шалғай болса, қоңырау шалу қажет-ақ. Одан бөлек кейбір пән мұғалімдері қосымша ақпаратты QR арқылы ұсынып, тапсырманы онлайн орындауға мүмкіндік береді. Ал интернет – білімнің шексіз көзі. Кейде тіпті сабақ үстінде кабинеттегі заманауи құралдар жеткіліксіз болып жатқанда, оқушыға телефонын пайдалану қажет болады.

Ал зияны ше?
Алғашқысы – сабаққа зейіннің бұзылуы. Әлеуметтік желі, ойын, бейне – баланың назарын алаңдатып, сабаққа деген ынтасын кемітеді. Содан соң – тәртіп мәселесі. Жасырын суретке түсіру, видеоға жазу, желіге жүктеу – бұл оқушының құқығын бұзуы мүмкін. Мектеп ішінде телефон қолдану – ішкі тәртіпке қайшы жағдайлар туғызады. Оның үстіне смартфон тек ақпарат құралы емес, баланың психологиясына әсер ететін қуатты құрал. Ерте жастан смартфонға тәуелді болу – номофобия, агрессия, жалғыздық сияқты күйзелістің бастауы.

Пікірлер алаңы
Заңдағы жаңа өзгеріс жайлы Оқу-ағарту министрлігі:
– Смартфонды оқу процесі кезінде немесе үзілісте қолдануға болмайды. Тек оқу жоспарында қарастырылған жағдайларда ғана қысқа мерзімге немесе төтенше жағдайларда пайдалануға мүмкіндік беріледі. Мұндай шектеулер оқушылардың денсаулығын (көзінің көру қабілетін, психикалық жағдайын және т.б) қорғау, сабақ кезінде алаңдаушылық факторларын азайту, концентрацияны арттыру, тікелей қарым-қатынас атмосферасын жасау, гаджеттерге тәуелділікті төмендету, онлайн-булингтің алдын алу мақсатында енгізілді, – деп хабарлады.

Бұл тақырыпты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жиі қозғап, әлеуметтік желіде әлемдік зерттеулердің нәтижесін бөлісіп отырады. Заң болса да мектептер өз мүмкіндігін пайдалана алмай отыр. Себебін де көпшіліктен ашық сұрады.
– Рандомизацияланған зерттеу смартфонды шектеу мектепте қандай нәтиже беретінін анық көрсетті. Бір сыныпта телефонға тыйым салынды, екіншісі – бұрынғыдай. Салыстыру нәтижесі таңғаларлық: әсіресе үлгерімі төмен оқушылардың білімі айтарлықтай жақсарған. Назарды алатын факторлардың азаюы – тіпті «орташа мұғалімді» «өте жақсы мұғалімге» алмастырғандай әсер берді. Ұқсас қорытындылар Норвегия мен Британияда да байқалған. Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері және тағы да бірқатар алдыңғы қатарлы білім ордалары мектеп ішінде смартфон қолдануға шектеу енгізді. Басқа мектептер ше? Неліктен осы қадамға бармай отыр? Заң жүзінде біз оларға мұндай мүмкіндік бердік. Зерттеулер жеткілікті. Көшбасшылық деген дәл осындай кезде көрінеді. Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау. Өйткені бұл – оқушының зейіні, денсаулығы, мінезі және тәртібі туралы мәселе, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Бұл мәселеге қатысты №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің директоры Жандос Сейдахметовтің де пікірін білген едік.
– Бірден айтайын, оқушыларды түбегейлі телефоннан шектей алмаймыз. Өйткені ұялы телефон олардың мүліктік құқығы. Егер оқушының қолынан тартып алсақ, ата-анасы ренжуі мүмкін. Әрине, заң бойынша бұйрық алдық. «Білім туралы» заңның 47-бабының 10.1-тармағында «Оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу процесі кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді» делінген. Бұл заң күшіне енбей тұрып та сабақ үстінде телефон ұстау өзекті мәселе болып келді.

Біздің мектепте орынбасарларым кей жағдайда рейд жүргізеді. Тәртіпке бағынбаған оқушының ата-анасын шақырып, мектепте ұялы телефонын бей-берекет ұстамау туралы түсіндіріліп келісімін алып жатады.
Ал жалпы алғанда біздің мектептке телефонға қатысты айтарлықтай мәселе жоқ. Профилактикалық түсіндірме жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіледі. Қысқасы «Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтіннің» кебі ғой. Телефонды мүлдем алып та қоя алмаймыз, сабақта бей-берекет пайдалануға мүмкіндік те бермейміз.
Бұл негізінен педагогтың сабақты жауапкершілікпен өтуіне де қатысты мәселе. Жоспарлы оқу процесі өз деңгейінде болу керек. Сабағын дұрыс өтпей, телефонына алаңдап отырған мұғалімнің алдында отырған оқушы телефон ұстамағанда қайтеді? Ал педагог сабақты қызықты етіп ұйымдастыра алса оқушы ешнәрсеге алаңдамай, 45 минут бойы мұғалімді ұйып тыңдайды, – дейді.
Мадина Дүйсебек, №49 мектептің мұғалімі, жас маман:
– Сабақ үстінде оқушылардың барлығы болмаса да, 5-6 оқушы телефонға алаңдайды. Тіпті мұғалім оқушыға мән бермесе, сабақ үстінде ойын ойнап отыра береді. Телефонға алаңдамай, сабаққа мұқият қатысатын балалар да жоқ емес. Кейде телефондары шыр ете қалса, «анам хабарласып жатыр, сөйлесіп алайыншы» деп сұранып, шығып кетеді. Осылайша, кейбір оқушылар жаңа сабақты түсінбей жатады. Ал тыңдағысы келмейтін оқушылардың телефонын кейде тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға өткіземін. Бірақ жаңа сабақтың тапсырмаларын бергенде интернет қажет болатын кездер де болады. Осындай кезде телефонды қажет етеміз. Өзіміз мұғалім болғандықтан телефонсыз, ноутбуксіз жүре алмаймыз. Себебі барлық құжатты электронды жүйеде тапсырамыз – онлайн мектеп, күнделік кз. Осы ретте ата-аналар мүмкіндігінше баласының мектепке телефонсыз баруын қадағаласа деймін.

Эльмира Молжігітова, ата-ана:
– Мен өз басым балаларыма мектепке телефон апаруға рұқсат бермеймін. Дегенмен бұл жаңалықты, яғни осындай бұйрықтың талқыға шыққанын естіп қуандым. Себебі бала мектепте сабақ оқуы керек. Бірақ іс жүзінде бәрі керісінше. Ұлым 5-сынып оқиды. Сыныптастары телефон апарып, сабақ үстінде ойнап отыратындарын айтады. Оларға қарап, балам алаңдайды. Сөйтіп өткен сабақты дұрыс түсінбей қалады. Бұл бұйрық жүзеге асса, мұғалімге де жеңіл болатын еді. Өйткені 45 минут бойы сабақ түсіндіре ме, әлде балалардың телефонын аңдып отыра ма?

Айтпақшы, шетелдік тәжірибені де қалыс қалдыруға болмайды. «Қытайда гаджетті мектепте пайдалану айыппұлға, Францияда сабақтан шеттетуге әкелуі мүмкін. Сабақ кезінде телефондарды пайдалануға АҚШ, Италия, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресейде де тыйым салынған.
Шын мәнінде, технологиясы бізден көш ілгері кеткен АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай секілді дамыған елдерде сабақ уақытында телефон қолдануды түбегейлі тыйып тастау әлдеқайда оңай екені анық. Өйткені ондағы әрбір оқушыда тапсырманы орындауға арналған құрылғы болады. Бізде ондай дүние жоқ.
Гүлхан ЯХИЯ