Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында балалардың ораза ұстауына қатысты даулы мәселеге пікір білдірді.

«Шариғат бойынша балиғат жасына толған, дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балаларға келсек, егер балиғат жасқа толмаса, міндетті емес. Ораза ұстау, намаз оқу – біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес. Мен өзім он жасымнан бастап ауыз бекіткенмін. Ол кезде тіпті ата-анамыз ұстамайтын. Алғашында үш күннен бастап, кейін толықтырып ұстап үйрендік. Яғни, балиғат жасына толмастан ұстадық. Егер бір бала балиғатқа толмай ұстаймын десе, денсаулығына зиян келмесе, басқа да қиыншылықтар тудырмаса, оны жазалау да дұрыс емес. Бізге «мектепте ұйықтап жатты» деп хабарласқан адамдар болды. Әрине, бала әлсіресе, сабағы дұрыс болмаса, өзі балиғат жасына толмаса,  баланың денсаулығына зиян тигізу дұрыс емес. Ал балиғат жасына толған адамға ораза ұстау қиындық тудырмайды», – деді Наурызбай Тағанұлы.
25 наурыз 2023 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031