Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажылыққа әйелдер жалғыз бара алмайды

Қажылыққа әйелдер жалғыз бара алмайды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Өтпенов Сауд Арабиясындағы қажылық сапарына бару тәртібін түсіндірді.

"Балиғат жасына толғаннан бастап  денсаулығы жараса қажылыққа баруына  шектеу жоқ. Үлкен кісілерге, қатты дерті болса, өміріне қауіп болатын болса оларға дәрігерге қаралып, жазылғаннан кейін барғаны дұрыс деп кеңес береміз. Көбінесе 30 бен 50 жас шамасындағы кісілер қажылыққа барады. Үлкен кісілер де өте көп, себебі жақындары сыйлап, оларды қажылыққа жіберіп жатады",- деді мүфти.

Ол Сауд Арабиясы қажылыққа виза мен квота беру тәртібін түсіндірді.

"Ниет білдірушілер көп болса мүмкіндігіміз бар. Сауд Арабиясы талабында ел тұрғындарының 10 пайыздық көрсеткішіне рұқсат квота бөлінеді делінген. Виза бойынша арнайы шектеу жоқ. Визаны қайтару кездеспеді. Ең бірінші шарт, мұсылман болуы керек. Әйелдер жалғыз баратын болса оларға бермейді. Олардың жанында бірге жүретін ер кісі болуы керек",- деп айтты Өтпенов.
18 шілде 2019 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930