САУД АРАБИЯСЫНДА ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ӘЙЕЛДЕР АЛЫНБАҚ
Сауд Арабиясы тарихында алғаш рет әскер қатарына әйелдерді алуға өтініш қабылдай бастады, деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.
Алдағы бейсенбіге дейін әйелдер Эр-Рияд, Мекке, Аль-Кассим және Медина қалаларында сарбаз болуға өтініштерін тапсыру керек. Әйелдерді әскери операцияларға қатыстыру қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік саласында жұмыс істейтіні анық.
Үміткерлерге 25-35 жас аралығындағы жоғары білімді, Сауд Арабияның азаматы болу талабы қойылған. Жалпы тізімде 12 талап бар. Сарбаздар қатарына әйелдерді алу шешімі Сауд жұртында соңғы айларда жүргізіліп жатқан реформалар шеңберінде әйелдердің құқықтарын көбейтуге байланысты қабылданды.
Салман хан маусым айынан бастап әйелдер көлік айдай алса, өткен айдан бастап футбол матчтарын стадионда көре алатынын айтты. Дегенмен құқық қорғаушылар Сауд Арабиясының берген уәдесіне қарамастан, елдегі дискриминациялық жүйе өзгеріссіз қалды деген ойда. Осы жүйе бойынша, әйел адамдар елден шығу, тұрмысқа шығу үшін рұқсат алу керек.
Сонымен қатар жұмысқа тұру үшін немесе медициналық қызметке жүгіну үшін де біреудің келісімін алу керек.
“The Qazaq Times”