Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

Елімізде сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады



Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сабаққа бармай жүрген ата-аналарға айыппұл салынатыны жайлы хабарламаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде "Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес негізсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 883 теңге көлемінде айыппұл төлейді" деген WhatsApp хабарламалар таралған болатын.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде оқушылардың сабақтан қалғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген. "Әкімшілік кодекстің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылады.

Биыл бұл сома 2 525 теңге болды. Сонда 17 675 теңге көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай жағдайлар қайталанатын болса, 15 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Министрліктегілер мектеп немесе колледж қатысушысы себепсіз оқуға келмеген жағдайда басшылықтың бұл туралы білім басқармасындағыларға хабарлауы тиіс екенін айтты. Ата-анаға айыппұл салу мәселесі сот тәртібінде қаралады. Айыппұл бюджетке аударылады.
kaz.tengrinews.kz
11 қаңтар 2019 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930